Атырау, 2 маусым 21:18
 дождьВ Атырау +14.4
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Қазақстанда Білім күні аталып өтуде

4 178 рет қаралды

Image 01 қыркүйек – Қазақстанда Білім күні. Биыл 340 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды, деп хабарлайды BNews.kz.

«1 қыркүйекте 7,5 мыңнан астам мектеп 2 млн 600 мыңнан аса оқушыны қабылдайды, соның ішінде 336 мыңы – бірінші сынып оқушылары», - деп мәлім етті білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

ҚР БҒМ дерегіне сүйенсек, биылғы жылы 157 жаңа білім ошағы пайдалануға беріледі. Осылайша, 100-ге жуықтаған үш ауысымды мектептер саны 80-ге азайса, апатты жағдайдағы білім мекемелері екі есеге қысқарады: 136-дан 66 мектеп қана қалады.

Қыркүйектің алғашқы күні барлық мектептерде жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиындар өтеді.

Білім күнін ТМД мемлекеттері дәстүрлі түрде атап өтеді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Молдова, Ресей, Түрікменстан, Украина.

Дереккөз: bnews.kz


1 қыркүйек 2015, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.