Атырау, 9 желтоқсан 22:42
 ашықВ Атырау -7
$ 514.65
€ 544.60
₽ 5.17

Атыраудағы терактілер: Ажал құрбандығын өзі таңдады

3 346 просмотра

Алғашқы мәліметтер

31 қазан күні, таңертеңгі 9 сағат 45 минут шамасында Атырау қаласында бірінен соң бірі қос жарылыс орын алды.

Алғашқы жарылыс облыстық әкімдік ғимаратына таяу жерде болған. Шұғыл арада ғимаратты полиция жасағы қоршап, әкімдік қызметкерлері үйлеріне жіберілді. Құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ.

Екінші жарылыс Сарыарқа ықшамауданындағы №30 үйдің маңында жасалған. Бұл үй облыстық прокуратураның қасында орналасқан еді. Жарылыстан №30 үйдің және сол жердегі бірқатар ғимараттардың әйнектері қирап, жан-жаққа шашылды. Үйдің қабырғасынан қан дақтары көрініп тұр. 70 метрге дейінгі аумақта адам денесінің  кесек-кесек ет-сүйектері, ішкі ағзалары шашылып жатты.

20 минут ішінде күш құрылымының қызметкерлері жарылыс болған орынды әуестік білдірген сырт көздерден тазартып үлгеріпті.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент алғашқыда №30 үйде жылу трассасы жарылған деп комментарий берді. Қисынсыздау  жорамал әрине. Барлық белгілерге қарағанда бұл терракт, өзін-өзі жару әрекеті жасалған ғой. Дәлірек айтқанда, жарылғыш құрылғысы бар жанкешті №30 үйдің жертөлесінен шығып, сол маңдағы облыстық прокуратура ғимаратына жақындап бармақ болса керек. Алайда әлдебір себеппен жарылыс ертерек орын алған.

Облыстық әкімдік ғимаратындағы жарылыс туралы ресми ақпарат айтылмайды. Тек қоқыс жәшігінде жатқан бомба жарылыпты деген бейресми мәлімет қана бар.

Соңын“Жайық самалының”24-25-бетінен оқыңыздар.

2 қараша 2011, 18:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.