Атырау, 28 қараша 20:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Жастар сарайы салынбақ

2 381 просмотра

Image 0«Шеврон» компаниясы маңызды әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға – Атыраудан Жастар мен оқушылар сарайын салуға кіріседі. Сарай 2019 жылы өз есігін айқара ашады деп күтілуде. Алайда ол жұмыс істейтін бағдарламалар таяу болашақта пилотты режимде жүзеге аса бастайды.

Әзірге құрылыс жүріп жатқан кезде, біз жаңа жастар жобасын іске қосқымыз келеді. Оны «Шеврон» компаниясының қаржылық қолдауымен Халықаралық жастар қоры (ХЖҚ) мен Жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерия және математика саласындағы педагогикалық көрнекті жетістіктер институты (Teaching Institute for Excellence in STEM) жүзеге асырады, - дейді «Оқушылар мен жастар сарайы» жобасының жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманы Джессика ХОВАРД. – Негізгі мақсат – жастардың жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерия мен математика (STEM) саласындағы білімдерін арттыра отырып, Атырауға жұмысқа орналасуға көмектесу және оларға болашақ мамандықтарына дайындалуға көмектесетін басқа қызметтерді ұсыну.

Қазіргі кезде Атырауда «Шеврон» компаниясы мен Халықаралық Жастар Қорының өкілдері қатарындағы арнайы жұмыс тобы жұмыс істейді. Олар 10 жастан 22 жасқа дейінгі балалар мен жастар, ата-аналар, мұғалімдер, жұмыс берушілер мен жастар ұйымдары кіретін фокус-топтарға зерттеу жүргізеді.

Қазір біз Атырауда балалар мен жастардың неге мұқтаж болып отырғанын, қандай проблемалар бар екенін көргіміз келеді. Кейіннен Оқушылар сарайында жүзеге асырылатын инновациялық бағдарламаларды біз қазір мектеп, колледждер, жоғарғы оқу орындары базасында іске қосатын боламыз, - деді Халықаралық Жастар Қорының өкілі Ұлан ШАБЫНОВ. – Фокус-топтарды зерттеу кезінде алған мәліметтерді ескере отырып, біз оқыту бағдарламадарын жергілікті жастар үшін анағұрлым тиімді ете аламыз. Сондықтан Сарай ашылған кезде, дайын, пайдаланылған және сапалы қызметтер көрсететін боламыз.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

30 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.