Атырау, 28 қараша 20:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Атырауда «интеллектуалдық кафе» ашылды

2 654 просмотра

Бұл жобаның авторы – Workandlife тренинг-орталығының басшысы Нұрлан АЗАМАТОВ.

- Бұл білімді, адекватты және табысты адамдардың бейресми кездесу және демалыс орны. Бізде зияткерлік ойындарды тамашалап отырып бос уақытты керемет өткізіп қана қоймай, жаңа достар мен пайдалы іскерлік байланыстар орнатуға болады, - дейді Н.Азаматов. – Кафеде өнер, ғылым, саясат қайраткерлері және бизнес өкілдерінің қатысуымен түрлі зияткерлік ойындар, презентациялар, треннингтер, дөңгелек үстелдер және т.б. танымдық шаралар өткізілмек.

Кафе өз жұмысын 25 шілде күні «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойынның жазғы сериясының ашылуынан басталды.

Н. Азаматовтың айтуынша, бұл идея оған Мәскеуге барған сапарында келген екен:

- Қаланы аралап жүріп, адамдар көп жиналып жатқын бір кафеге кірдім. Бұл «Царь горы» ойыны өтетін зияткерлік мейрамхана екен. Бұл мені қатты қызықтырды. Кейін анықтағанымдай, бұл ойын Ресейдің қалаларында, cондай-ақ, Украина, Белоруссия елдерінде өткізіледі екен.

Айта кетсек, бұған дейін Н.Азаматов өзінің достарымен бірге «Просто хобби» атты клуб құрып, зияткер жастардың басын біріктірген. Сондай-ақ, былтырдан бері облыстық жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойынын өткізіп жүр. Жігіттер осы ойлардың барлығын кафе аясында тоғыстырғысы келеді.

- Мәскеуде осындай мейрамхана форматында белгілі журналистер, қоғам қайраткерлерін шақырып, белгілі бір мәселе жөнінде бейресми әңгімелесулер өткізеді екен. Біз де осындай алаң жасағымыз келеді, - дейді Н. Азаматов.

Әрине, бұл әрі ағартушылық жоба, әрі бизнес. Сондықтан да ұйымдастырушылар келесі жылы «Старт-ап» бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламасына өтінім беруді жоспарлап отыр.

Қайырбек САНСЫЗБАЕВ

30 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.