Атырау, 28 қараша 20:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Аудан жаңалықтары

2 272 просмотра

Құм көшкіні келе жатыр

Нарын құмының көшкінінің Исатай ауылын басып қалу қаупі бар.

Бұдан екі жыл бұрын ауылды құм көшкіні басып қалғанда, Ж. Түнешов, Қазан көшелеріндегі оншақты үйдің айналасын құмнан тазарту жұмыстары жүргізілген болатын. Ал өткен жылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен 3 млн 200 мың теңге қаржы бөлініп, тағы он бір үйдің айналасы құмнан тазартылды.

Алайда тазарту жұмыстары кезекті құм көшкінін тоқтатпайтыны түсінікті. Сол себепті 2014-2016 жылдарға арналған жоспарға сәйкес, Исатай ауылының шетін қоршау үшін сексеуілді егу қарастырылған болатын. Бұл жұмыстарға 38 млн 350 мың теңге бөлінді. Тапсырысшы - Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

***

Әріптестер көрші болды

Қызылқоға ауданы Қоныстану ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның бас дәрігері мен фельдшеріне жаңа баспана табыс етілді.

Екі пәтерлік тұрғын үй өткен жылы пайдалануға берілген болатын. Құрылысты «САҚ Групп» ЖШС жүргізді. Құрылыс 30 млн теңгеге бағаланды.

***


Көпір күзде бітеді

Сағыз ауылындағы теміржол өткелі астындағы көпір күзде пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Құрылыс өткен жылдан бері жүргізілуде. Көпірдің ұзындығы 161, ені 12 метр болмақ. Мердігер - «АтырауИнжСтрой» ЖШС.

***

Бір мектеп, бір балабақша

Жылыой ауданы Жаңа Қаратон ауылында 280 орындық «Балдырған» балабақшасы ашылды. Сондай-ақ, Құлсары қаласынан 300 орындық мектеп пайдалануға берілді.

Мектеп құрылысын «Арман АБК» жүргізсе, балабақшаны «Ғимарат» ЖШС салды. Балабақша құрылысының құны 377,8 млн теңгені құраған. Жаңа балабақшада 77 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Қазіргі таңда Жаңа Қаратонда 443 бала балабақша кезегінде тұр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

30 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.