Атырау, 29 желтоқсан 05:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Үйді өздері салып алды

2 425 просмотра

Атырау облыстық стаистика департаментінің мәліметтері бойынша үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында тұрғын үй құрылысына 14,1 млрд. теңге инвестиция бөлінген. Бұл өткен жылғыға қарағанда 26,6 пайызға көп.

Барлық меншік формасындағы кәсіпорындар мен мекемелер және тұрғындар жалпы алаңы 264 мың шаршы метр болатын 1838 пәтер салған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төрттен бір есе көп.

«Пайдалануға берілген баспананың барлығы дерлік жеке тұрғын үй құрылысының үлесінде. Биыл көппәтерлі үйлер әлі берілген жоқ», - дейді облыстық статистика департаментінің бас маманы Айзанша ҚҰРМАНОВА.

Облыстағы пайдалануға берілген баспананың көп бөлігі Атырау қаласының (65 пайыздан көп) еншісінде. Одан кейінгі кезекте Жылыой ауданы (11,3 пайыз) мен Махамбет ауданы (7,7 пайыз). Бір шаршы метр құрылыстың орташа құны 34,2 мың теңге (өткен жылы – 33,1 мың теңге) құраған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА     

19 қазан 2011, 18:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.