Атырау, 13 желтоқсан 04:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Сапасыз ойыншықтар қайда жасырынды?

11 251 просмотра

Санитарлық дәрігерлер балалар ойыншығы дүкендеріне күтпеген жерден тексерулер жүргізді. Алайда «күтпеген жерден» дегендері жай сөз ғана секілді, өйткені тексеру жөнінде алдын ала хабарланып қойылған екен.

Ойыншықтардан 74 үлгі бойынша ешқандай формальдегидтер, фенолдар, ауыр металдар мен басқа да нәрселер табылмады. Тамаша ғой. Бірақ балалары трансформермен және барби ойыншықтарымен ойнайтын әрбір ата-ана қымбат орамадағы жаман иісі шығып тұратын ойыншықтарға тап болады.

- Аяқасты жүргізілетін тексерудің анағұрлым шынайы көрініс беретіні белгілі әрине. Бірақ жеке кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес, біздің бұлай етуге қақымыз жоқ. Дүкендерге өзіміздің келетіндігіміз туралы шамамен бір ай бұрын хабарлауға тура келеді, - дейді Атырау облыстық Мемлекеттік санитарлық эпидемиялық қадағалау департаментінің мектепке дейінгі балалар мен білім беру мекемелерін санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы Үміт НҰРБАЕВА.

Маманның айтуынша, тексерулер жиі болмайды, шамамен жылына бір рет қана жүргізіледі екен. Сондықтан, құрметті ата-аналар, өздері-ңіздің иіс сезу және көру қабілеттеріңізге ғана сеніңіздер.

Сатушының ораманы ашуға тыйым салатынын ескере отырып, сатып алынатын ойыншықтың сапасын өздігімізбен қалай тексеруге болады?

- Егер тауарды иіскеп көру мүмкін болмаса, затбелгісін немесе қосымша парағын тексеріңіз, - дейді санэпидқадағалау бөліміндегілер. – Оларда өндіруші ел мен фирма, сапа стандарттары, кепілдік мерзімі немесе қызмет ету мерзімі, дайындалған уақыты, негізгі тұтынушылық сипаттамасы, сақтау ережесі мен шарттары туралы ақпарат көрсетілуі тиіс. Бұдан басқа затбелгіде міндетті түрде тауарлық белгі мен штрих-код, сондай-ақ, бұл тауардың қай жастағы балаларға арналғандығы туралы белгі болуы тиіс. Ойыншық қандай да болмасын сызатсыз, дақсыз, дұрыс пішінде болуы тиіс. Егер конструктор болса, онда сәбиді жарақаттамас үшін оның әрбір деталі тегіс болуы керек. Үрлейтін шарлар мен басқа да үрлейтін ойыншықтар қолға жабысып қалмауы қажет. Ойыншықтарды көшеден немесе кездейсоқ жерлерден емес, арнайы дүкендерден сатып алған абзал. Жаңа ойыншықты міндетті түрде сумен жуу керек. Егер бояуы кетіп қалса, демек, сәбиге «Барбидің ауырып қалғанын» түсіндіріп, оны қоқыс шелегіне тастаған жөн.

Жаңа ойыншықпен ойнап жүрген сәбиге назар аударыңыз. Ол түшкіре ме, шырышты қабықтарда ісінулер пайда болды ма? Басқа проблемалармен қатар, өткір уланулар мен теріде бөртпелер пайда болуы мүмкін. Ойыншықтан шығатын улы химиялық иіс сәбидің нерв жүйесіне қатты әсер ететіндігі дәлелденген де.

Сондай-ақ, санитарлық дәрігерлер кейбір балабақшаларға тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде бірде-бір «нашар» ойыншық табылған жоқ.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

19 қазан 2011, 18:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.