Атырау, 29 желтоқсан 05:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Бір бала қуанса - мың періште қуанады

4 728 просмотра

№1 интернат балаларының арманы орындалды. Енді олардың өз спорт алаңы бар.

Жаңа спорт алаңдары туралы мәселе қозғалғанда, ең алдымен олар балалар үйі мен интернаттарға қажет екендігіне ешкім де күмәнданбаған еді. Алайда бюджет қала мектептерімен шектеліп, облыстық мекемелерді жарақтауға ақша болмады. «Мен Атырау облыстық білім беру басқармасының орынбасары Клара Мұқашкереевамен тілдестім. Сөйтсек, олар интернат мекемелеріне мемлекеттік бағдарлама есебінен алаңдар салу ұсынысымен шыққан екен, бірақ бюджетте бұған қаржы болмаған, - деп әңгімеледі «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ұлықбек Тінәлиев. Сол кезде Атыраудағы еріктілер мұны өз қолдарына алуды ұйғарыпты. Сәуір айында олар балаларға қонаққа келіп, олармен алаң жоспарын мақұлдап, шамамен тапсыру уақытын күз деп белгілеген.№1 интернат директоры Сәния МУСИЕВА мен оның тәрбиеленушілері бұл идеяны шабыттана қолдады. Өздерінің спорт алаңдары болмағандықтан, балалар көршілес орналасқан №4 училищенің ауласына жүгіреді, ал ондағылар ұната қоймайды. «Менің балаларым доп қуып, волейбол, баскетбол ойнағылары келеді. Интернатымызда 3-тен 18 жасқа дейінгі 74 адам бар. Барлығы да белсенді, спортпен қуана айналысатын балалар», - дейді Сәния Мусиева.

Алайда діттеген мақсатқа жету оңай болмады. Осындай бір алаңның нарықтық бағасы 8-10 млн. теңге құрайды. «Біз көптеген мекемелерді, соның ішінде мемлекеттік мекемелерді аралап шықтық. Фирмаларға біздің жобамызды жүзеге асыру өтінішімен хаттар тараттық», - дейді Ұ.Тінәлиев. - «Жалынды жүрек» бастамашылар тобы балаларының жолы болып, «Бернс» шотландиялық қоғамдастығы» біздің ұсынысымызға үн қосты. Ал біз мердігерді баяғыда, көктемде тапқан едік. «Акас Альфа» ЖШС бүкіл жұмыстарды коммерциялық үстеме бағасыз, өзіндік құнмен жүргізуге келісім берді», - деп әңгімелейді «Жалынды жүрек» өкілі Жанар ГИЛИМОВА. «7 жылдан бері үнемі түрлі қайырымдылық акцияларын ұйымдастырамыз. Мұқтаж жандарға қаржы жинап береміз. Бұрын Махамбет ауданындағы интернатқа көмектесіп, жөндеу жұмыстарын жасап, жабдықтар сатып әперген едік. Бүгінде интернат аяғынан тік тұрды. Енді №1 интернатқа көмектесеміз», - дейді «Бернс» шотландиялық қоғамдастығының өкілі Марк ДУНКАН.

Сөйтіп, 15 қазанда спорт алаңының көптен күткен ашылу салтанаты болып өтті. Футбол таза ерлердің ойыны деп есептелетіндігіне қарамастан, 12 жастағы Лена КАРТАШОВА ер балалармен доп қуып, тіпті қақпаға да тұрды. Шамасы, сондықтан да оған құттықтау сөзді айту құрметін сеніп тапсырған шығар. «Бұл ең сүйікті орыныма айналады. Іздеген адам енді мені алаңнан табады», - деп күледі Лена. «Бернс» қоғамдастығы, «Акас альфа» ЖШС мен «Жалынды жүрек» еріктілері Республикалық балалар құқығын қорғау комитетінен алғыс хат алды.

Ал балалар болса алаңды сынап көріп, демеушілермен блиц-турнир ойынын өткізді. Ересек, тұлғалы ағайлар балалармен доп қуып жүрді. Әрине, бұл ойында достықтың жеңгені белгілі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

Суретті түсірген автор

19 қазан 2011, 18:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.