Атырау, 29 желтоқсан 05:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Атымтай Жомарт Академияға тарту жасады

3 241 просмотра

Енді  Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясында дәстүрлі қоңырау үні орнына композитордың «Аққу» күйі   орындалатын болды.

Бұл жағымды жаңалықтың авторы - бүгінгі заманның Атымтай Жомарты атанған жергілікті кәсіпкер Ержан СЕРІКБАЕВ. Ол мектептердегі қоңырау үнін ұлттық музыкаға алмастыру - өскелең ұрпақты елжандылыққа тәрбиелейді деп сенеді.

Ержан Серікбаев осындай бастама көтеріп, қаладағы бірқатар мектептердің басшыларына өзінің ұсынысын да тастаған. Ұсынысты алғашқы болып қоштаған Кіші өнер Академиясының директоры Долорес ТАСҚАРИНА. Е.Серікбаевтың демеушілігімен академияның үш қабатында да радиотраптардың орнатылған. Қазір академия басшылығы «Аққу» күйін қоңырау ретінде пайдалануға Қазақстан Авторлары қоғамынан рұқсат алып қойған (бір күйді бір жылға пайдалану 12 мың теңге тұрады).

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

19 қазан 2011, 18:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.