Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Хабарламада түзетулер, Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілерін «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға сәйкестендіруге бағытталған деп көрестілген.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды.