Атырау, 29 желтоқсан 07:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

«Қазмұнайгазға» отандық мамандар қажет емес пе?

2 210 просмотра

2010 жылғы қыркүйекте Eastern Gate Management Ltd. компаниясы иелігіндегі  «НБК» ЖШС «Қазмұнайгаз» Барлау  Өндіру» АҚ-ын 35 миллион долларға сатып алған еді.

 

Ал тамыздың 24-інде «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» акционерлерінің жалпы жиналысы бұл компанияны «НБК» ЖШС-сін қайта құру арқылы АҚ құрамына қосу туралы шешім қабылдайды. Ал бұдан бар болғаны бес күндей уақыт бұрын серіктестік жұмысшыларына жұмыстан босату туралы ескерту беріледі.

- Акционерлік қоғамға қосылып жалақы көтеріледі деген уәденің  орынына бізге тигені осы!-деп шарасыздық танытады ендігі бұрынғы атанған мұнайшылар.

Нәтижесінде шағын компаниядағы 20-ға тарта адам жұмыссыз қалыпты.

-Кеніште жұмыс болмаса бір сәрі. Май алып жатыр, қасынан тағы мұнай іздеп жатыр. Жеке меншік компания болған соң артық адам істемейді. Кеніште әркімнің өз орыны бар, тіпті  еңбек демалысы кездерінде орнымызға адам табылмай жатады. Екі арнаулы машинаны бір ғана жүргізуші айдайды. Неге тек  8 адамды жұмысқа орналастырады? Бізге де жұмыс керек,-дейді инженер Қобыланды ҚАЛИМОВ.

Жұмыс сұрап жүргендердің  барлығы дерлік жоғары білімді, тәжірибелі  мамандар. Олардың қазір мұнай саласында таптырмайтыны белгілі.

Мұнайшылардың  бірнеше қайтара жазған шағымына «Қазмұнайгаз»  Барлау Өндіру» АҚ  бас  директорының орынбасары Бағытқали БИСЕКЕН жауап қайтарыпты. Онда  жұмыс берушінің бастамасымен  еңбек шартының бұзылатыны жайлы ескерту берілгені, жұмысын жоғалтқаны үшін өтемақы төленгені айтылған.

 Жұмыссыз қалған мұнайшылар арызын қазір еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті мен қала  прокуратурасы тексеріп жатыр. Ал жұмыссыз қалған мұнайшылар отбасыларын қалай асыруды білмей отыр.

Сәния ТОЙКЕН

13 қазан 2011, 18:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.