Атырау, 29 желтоқсан 06:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Коммунистерге тыйым салынды

2 685 просмотра

Алматы ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Қазақстанның коммунистік партиясының қызметі тоқтатылды. ҚКП-ның көшбасшысы Ғазиз Алдамжаров мұны алдағы (шамамен келесі жылдың ақпан айында) мәжіліс сайлауымен байланыстырып отыр.

бұзылуы) әкімшілік құқықты бұзды деп

3 қазан күні Алматы қалалық прокуратурасы Қазақстан коммунистік партиясының бірінші хатшысы Ғ.Алдамжаровқа қатысты әкімшілік іс көтерді. Келесі күні әкімшілік сот оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 374-бабы, 2-бөлімінде қарастырылған (қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманың бұзылуы) әкімшілік құқықты бұзды деп тану жөнінде үкім шығарды және 10 АЕК (15 120 теңге) айыппұл салды, сондай-ақ, ҚКП қызметін 6 айға тоқтатты.

-Маған тіркеуден өтпеген «Халық майданы» қоғамдық бірлестігіне қатыстың деген кінә артып отыр. Сот біздің келтірген дәйектерімізге құлақ аспады, жай ғана прокуратураның қаулысына сүйеніп отыр.

«Халық майданына» кірместен бұрын мен үндеу жазған болатынмын, онда бұл қозғалысқа коммунистік партияның бірінші хатшысы ретінде емес, жеке тұлға ретінде, азамат Алдамжаров ретінде кіріп жатқандығымды түсіндірген едім. Менің ойымша, сот шешімі саяси сипатқа ие және ол сайлаудың Коммунистік партияның үміткерлерінің қатысуынсыз өтуіне бағытталған, -деп мәлімдеді Ғ.Алдамжаров «Ақ Жайық» газетінің тілшісіне.

ҚКП көшбасшысының айтуынша, «Халық майданы» сайлаудың әділетті өтуін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған:

- Біз қанатымыздың астына еліміздің барлық сайлау учаскелерін бақылауға алатындай адамдар санын жиған едік. Біздің бұл әрекетіміздің нақты екендігіне көз жеткізген билік «шарасын алғанға» ұқсайды.

- Қазақстан коммунистік партиясының қызметін тоқтатып тастау нені білдіреді?

– Біз газет шығара алмаймыз, пикеттер мен ереуілдерге, сайлауға қатыса алмаймыз, өзіміздің есептік шотымызға келіп түскен ақшаларымызды пайдалана алмаймыз. Алайда, біз әлі де осы елдің азаматы болып қала береміз. Партияның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдай отырып, мемлекет 72 мың коммунистің конституциялық құқығын бұзды.

Сәния ТОЙКЕН

13 қазан 2011, 18:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.