Атырау, 24 қараша 00:02
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бәрі шатырдан басталады

3 380 просмотра

Термомодернизациялаудың бірінші механизмі бойынша көп қабатты бес үйге жөндеу жүргізілетін болды. Алайда бастапқыда он үй жөндеуден өткізіледі деп жоспарланған болатын.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВТЫҢайтуынша, жұмыс көлемінің көбеюі салдарынан үйлердің тізімін екі есе қысқартуға тура келген. «Әуелі тұрғындар жертөледегі инженерлік желілерді жөндеумен шектеледі деп ойладық. Бірақ содан кейін олар шатырды ауыстырып, қасбетін жаңартып, подъездерді жөндегілері келді. Соған орай қаржыландыру көлемі де көбейді. Сондықтан үйлердің санын азайтуға тура келді».

Сөйтіп, бірінші механизм бойынша (Атырау ӘКК арқылы қаржыландыру) 5 үй, екінші механизм бойынша (КМК арқылы қаржыландыру) 12 үй жөнделетін болды.

Егер сома туралы айтар болсақ, әжептәуір қомақты қаржы бөлінген. Мәселен, Азаттық, 21 тұрғындары үшін күрделі жөндеу құны – 23,6 млн теңге, Махамбет, 121 тұрғындары үшін – 21,5 млн теңге, Махамбет, 127 тұрғындары үшін – 20,6 млн теңге.

Махамбет, 121 мекен-жайындағы үйде металл жабындыдан жасалынған екі жағы құламалы шатыр бой түзепті. Бұл 8,1 млн теңгеге шыққан екен. Электр монтаждау жұмыстарына (барлық қалқандар мен желілерді ауыстыру) 4,2 млн теңге, жертөледегі инженерлік желілерді ауыстыруға – 3,7 млн. теңге, подъездерді жөндеуге – 4,8 млн теңге жұмсалған.

«Бәйтерек алаңы» ПИК-інің төрағасы Төлеуғали СӘМЕНОВТІҢайтуынша, бүгінгі күні осы үй бойынша төбе жабу және электр монтаждау жұмыстары 100 пайызға аяқталған.

«Подъезді күрделі жөндеу аяқталуда, жертөледегі канализацияны толықтай ауыстырдық. Салқын сумен қамту тұрбаларын пластик тұрбаларға алмастырдық. Қазір жылыту жүйесі мен ыстық сумен қамту жүйесін пластикке ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Содан соң жертөледегі бүкіл суды тартып шығарып, оған түгелдей қиыршық тас төгіп тастағымыз келіп отыр».

Бұл үйдің қасбеті жылытатын қабатпен жабылмаған. «Біз сыртқы бетіне сылақ жасағымыз келген. Бірақ 2-3 жылдан соң түсіп қалады, кірпіш ұстамайды деп, оны жасатудан бас тартқан болатын, - дейді Т.Сәменов. – Кірпіш қабырғаларды енді еш жылыта алмаймыз».

Осылайша, бұл үйдегі энергия үнемдеу мәселесі төбе жабынын жөндеу, жертөлелерді құрғату, подъездерде домофон есіктерін орнату есебімен шешілді. Бұдан тұрғындарға жылы бола ма, алдағы қыс көрсетер.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген В. Истомин

13 қазан 2011, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.