Бұл жол-көлік оқиғасы дүйсенбі күні шамамен таңертеңгі сағат тоғыздарда Огородная көшесі ауданында болды.
Айналма көпір жағынан №8 маршрут бағытымен келе жатқан қытайдың FAW автобусының жүргізушісі тежегішті басып үлгерместен «Политехникалық колледж» аялдамасында (суретте) автобус күтіп тұрған адамдарды бордюрді баса өтіп, жаныштап кеткен.
Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде бір әйел адам оқиға болған жерде көз жұмды және біреуі ауруханаға жеткізілді. Тағы бір зардап шеккен екі адамға дәрігерлік көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Тергеуді ІІД жауап алу басқармасы жүргізуде.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген автор