Атырау, 29 желтоқсан 07:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

«Атыраубалықтың» қарызымен прокуратура айналысып жатыр

2 191 просмотра

Қазанның 10 күні Атырау қалалық прокуратурасы «Атыраубалық» АҚ жұмысшыларының жалақы туралы шағымына қатысты өз көзқарасын білдірді.

 

Атырау қаласы прокурорының көмекшісі Серік ЖАҢАБАЕВТЫҢ  мәлімдеуінше, компания жұмысшыларына  2011 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында 41 млн 312 мың теңге қарыз екені анықталған.

«Жалақы төленетін күн еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделеді деп көрсетілген заң талабы бұзылған.  Бұған қоса  жұмысшылардың Конституциямен қорғалатын құқықтары бұзылған. «Атыраубалық» АҚ  директоры атына жалақы төлеудегі  қарызды жою туралы ұсыныс жолданып, ол бақылау үстінде»,- деп хабарлайды прокурор.

Ал жұмысшылар талабын тыңдауға келген тағы бір құзырлы орын - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Атырау облыстық департаменті  әзірге үндемейді.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада «Атыраубалық» АҚ жұмысшылары мекеменің алдына жиналып, бес айдан бері төленбеген  жалақысын талап еткен болатын.

Компания  бас директоры Василий КУЗЬМИН жалақыны ауланған балықты тездеп сатып төлеуге уәде берген еді.

Сәния ТОЙКЕН

13 қазан 2011, 18:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.