Атырау, 9 желтоқсан 20:53
 ашықВ Атырау -9
$ 514.65
€ 544.60
₽ 5.17

Жылу беруге толық дайын емес

2 437 просмотра

«Атырау жылу желілері» АҚ президенті Жанұзақ ӘБІЛҒАПАРОВ  жылу желілерінің жылыту маусымына 100 пайыз дайын екендігін мәлімдеді.

 

6 қазанда «Атырау жылу желілері» жүйесіне қосылатын 782 тұрғын үйдің 765-і жылуды қабылдауға дайын болды. Қалған үйлердің ПИК төрағалары 15-ші қазанға дейін, яғни, жылу маусымының ресми басталуына дейін жөнделіп болатындығына уәде берді. Ж. Әбілғапаров «Азамат-Аман», «Восток», «Премьер-Сити», сондай-ақ, «Эпиташвили» және «Наурызбаев» ЖК тұрғын үй кооперативтерінің іскерлігін атап өтті. Ол артта қалғандар ішінен «Әли» және «Тату» ПИК атады.

5 қазанда Алмагүл мөлтек ауданындағы №34 мектептен басқа қаладағы барлық әлеуметтік нысандарға жылу берілді. Бұл аудандағы тұрғын үй массивінде кварталдық жылу желісіне қазір күрделі жөндеу жүргізілуде.

 Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 қазан 2011, 18:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.