АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей бизнесмені Әлішер Усманов футболдан ұлттық құрама команда жаттықтырушысы Фабио Капеллоға төленбеген қарызды өтеу үшін Ресей футбол одағына қосымша қаржы бөлуге келісті, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
«Футболдан әлем чемпионатын ұйымдастыру үшін құрылған «Ресей-2018» ұйымдастыру комитетінің қамқорлық кеңесіне мүше Әлішер Усманов Ресей футбол одағына 300 млн рубль бөлуге келісті», делінген бизнесменнің баспасөз қызметі таратқан ақпараттта.
Усмановтың өкілдері бұл қаржы РФО италиялық маман алдындағы қарызын өтеуге толық жететінін айтты.
Дереккөз: inform.kz