Осындай атаумен 15 маусымда облыс бойынша экологиялық айлық басталды.
Мақсат – Каспий теңізінде уылдырық шашатын және шабақтар өрістенетін маусымда балық қорларына теріс әсер етуді азайту. Атап айқанда, су алу имараттарының балық қорғау құрылғыларының жабдықтары, жүзбелі құралдардың тіркелуі, олардың қозғалтқыш қуаттылықтарының нормаға сәйкестігі тексерілетін болады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ