Бүгін, 22 маусымда Жеңіс бағындағы «Мәңгілік алау» мемориалының алдына соғыс жылдарында шайқаста қаза болған, фашистердің тұтқынында азап шеккен және аштық пен жоқшылықтан қаза болғандарды еске алу құрметіне гүл шоқтары қойылды.
Аптап ыстыққа қарамастан, гүл шоқтарымен белгілі соғыс ардагерлері Әлібек ТҮСІБАЛИЕВ, Орынғали ҚАРАСАЕВ, Александр СМЫСЛОВ, Бағыт ҚУАНЫШЕВ келді, тылда жүріп жеңісті жақындатқан жандар келді, әскери өлеңдер оқып, сол жылдардың әндерін шырқаған оқушылар келді.
Қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Талғат ИЛЬЯСОВТЫҢ айтуынша, шаралар туралы арнайы хабарландыру болмаған:
– Осынау трагедиялық датаны – 1941 жылдың 22 маусымын ұмытпаған жандар келді. Еске алып, құрмет көрсеткен баршаға рахмет.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген Т. Ильясов