Атырау, 29 желтоқсан 06:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Сөзге шешен министр Атырауды майын тамызып мақтады

4 622 просмотра

Дүйсенбі күні «Атырау» мәдениет орталығында облыстық әкімдіктің активі болып өтті. Мәдениет министрі Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД АҚШ-тың негізін салғандарды, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫ және Сұлтан БЕЙБАРЫСТЫ сөзге араластыра, көсілте сөйледі.

Құрамы жағынан ауқымды (президент әкімшілігінің, қорғаныс министрлігінің, қаржы полициясының, статистика агенттігінің, ауылшаруашылығы министрлігінің, табиғи монополияны реттеу агентті-гінің, ІІМ-нің, білім және ғылым министрлігінің, денсаулық сақтау министрлігінің, экономикалық даму және сауда министрлігінің 12 өкілінен құралған) республикалық ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері Құл-Мұхаммедтің басшылық етуімен президент Н. Назарбаевтың өз халқына кезекті Жолдауын түсіндіру мақсатында облысымызға келген болатын. Шара барысында мұндай жолдауды алғашқы Америка президенті, сол мемлекеттің негізін салушы тоғыз тұлғаның бірі Джордж Вашингтонның сәнге айналдырғаны анықталды. Содан кейін әрбір кезекті сайланған президент өзінің Жолдауын жазады екен. Әдетте, біреуін ғана. Ал біздің президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев мұн-дай үндеухатты өз халқына жыл сайын жолдауды қиын көр-мейді. Олардың әрбіреуі белгілі бір мақсатты көздейді, соған әрекет етуге шақырады. Биылғы жылы ол жеделдетілген экономикалық модернизация түрінде көрініс тапқан. Оны қарқынмен гүлденіп жатқан Атырау келбетінен байқауға болады.

Министр өте нәзік дінге сену тақырыбын, дәлірек айтқанда ағымды таңдауға қатысты да айтып өтті. Ол дәстүрлі исламды ажыратпайтындардан теріс айналмауға шақырды.

- 90% мұсылмандар – сүнниттер, яғни, біздің бәріміз бір мешітке барамыз, бір кітапқа (Құранға – З.Б.) сүйенеміз. Сондықтан қателік жасап немесе сауатсыз болғандықтан қандай да болмасын радикалды ағымға ілескендерден теріс айналуға болмайды. Адасқандарды қайтару керек.

Осынау жайсыздық орнатқан бірер минут сөзін Атыраудың Қазақстан бойынша сұлулығы жөнінде үшінші қала (Астана мен Алматыдан кейін) екендігі туралы батыл мәлімдемесімен ажарландырып жіберді.

Жалпы мәдениет министрі қолпаштауға жомарт адам екен. Облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫ да, жалпы аймақты да мақтап қойды. Бейресми сөздерінде әлденеше рет айтқанындай (министр қағазға басылған қошемет сөздерге қолының ұшын да тигізбей, өзінің шешендік шеберлігін танытты, Құл-Мұхаммед залды бір сағаттан астам уақыт «ұстады», ал зал оны байқамады да), ол Атырауға ерекше ілтипатпен қарайды екен. Мақтаулы сөздерге елжіреген жұртшылық қошеметпен дуылдай қол соқты.

Бұл одан кейін сөз алған жергілікті шенеуніктер үшін ұтымды бола қоймады. Олар алдын-ала дайындалған сөздерінен айнымауға тырысты. Мені «бүгінде бүкіл проблема артта қалды» деген депутаттың сөзі қайран қалдырды. Ол мінбеде тұрып, егер бұрын өмірге өкпелі атыраулықтардың шағымына не деп жауап берерін білмеген болса, бүгінде бәріне риза, қарны тоқ, көйлегі көк халықпен кездесу ол үшін керемет сезім екенін мәлімдеді. Басым көпшілігі шенеуніктерден тұратын зал депутатты қолдай жөнелді. Шындығында, таң қаларлық нәрсе жанымызда екен. Шенеуніктер жаңа деңгейге көшіпті, ал біз байқамай да қалыппыз.

Сөз соңында мәдениет министрі ғылымда дәлелденбеген, бірақ өте сенімді ақпарат көздері бойынша Сұлтан Бейбарыс шыққан Атырау жеріне тағы бір керемет қошемет сөз жолдады. Мұхтар Абрарұлы Дамаскідегі аты аңызға айналған сұлтан-мәмлүктің қабіріне сұлтанның өзіне лайықты күмбез орнатыпты.

- Мен Атырауға алғаш келген кезде, осынау ұлы адамның ескерткішінің алдында оның рухына тағзым еткеннен кейін ғана  осы ғимаратқа (облыстық әкімдікке) барып кірген едім. Сол кезде оның бейітін тапқым келді. Бұл қиынға соқпады. Ол Сирияда жерленіпті. Алайда кішкентай тақтамен жалғанған аласа күмбез оның мәртебесіне лайықсыз боп көрінді. Президент Назарбаев осы жағдайды өзгерту туралы идеямды қолдады. Бірнеше жыл өткеннен кейін, 2008 жылы қайтадан Сирияға барып, бюджет қаржыландырған жұмыстарды бастап кеттік. Бүгінде ол жұмыстардың аяқталып, кешікпей ашуды жоспарлап отырғанымызды мақтанышпен айта аламын. Қазіргі құлпытас Үндістаннан сатып алынды. Бұл жасыл түсті тұтас тастан жасалған тік бұрышты сандыққа ұқсайтын, ұлттық өрнектермен безендірілген белгі. Біз осы кешенде орналасқан кітапхананы да, басқа да нысандарды қайта жарақтадық. Ашылу салтанатына барар кезде міндетті түрде Атырауға келіп, осы жердің бір уыс топырағын ала кетеміз деп уәде беремін.

Бірбеткей арабтардың марқұм болғандарға ескерткіш орнатуға болмайды деген қағидасына сәйкес келе ме және осы арқылы Қазақстан тарапынан атышулы мәмлүкті «біздікі» деп тануын ресми мойындау деп санау керек пе, ол жағы жұмбақ боп қалды. Бұл шарада журналистер тарапынан сұрақтар қоюға болмайтын еді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА 

12 қазан 2011, 18:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.