Атырау, 23 қараша 05:30
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​«Сәби киімін жыртып, аяқтарын жырып алады»

7 662 просмотра

Балалардың ойын алаңы – ата-аналар балалары үшін алаңдамайтын жер секілді көрінетін. Олай емес екен. Кейбір көп қабатты үйлердің ауласынан түсірілген фоторепортажымыз осыған дәлел.

Image 5

Үш жасар Карина Авангард 2 ықшамаудан №3 үйдің жанындағы ойын алаңында анасының қарауымен ойнап жүрген.

- Осы жерде орнатылған әткеншектердің орындығының тек көлденең ағаштары ғана қалған. Балалар сонда да оған тербелуді тоқтатпайды. Қызым тек жақындап барып, әткеншектен қалған нәрсені тербеткісі келген, сол кезде екінші бір қыз бала оны алға қарай итеріп жіберді. Сонда бұрынғы отырғыштың жалаңаштанған тұрбасы қызымның көзіне барып тиді. Қан көп ақты. Облыстық аурухана дәрігерлері біздің тек қабағымыз жарылғанын айтты, сөйтіп тігуге тура келді. Құдайға шүкір, көзі шығып кетпеді. Ойын алаңдарын қазір айналып өтетін болғанбыз, - дейді Каринаның анасы.


Image 9

Сол ықшамауданда №15 үйдің ауласындағы ойын алаңының әткеншектері де сынған. Дегенмен де балалар қорықпай әткеншек тебеді.


Image 0

Көрші ауладағы ойын алаңы мүшкіл халде. Бұл жердегі әткеншектердің орындықтары бар, бірақ ғажайыптың күшімен бір бекіткішпен сақталып тұр. Үй тұрғындары ойын төбешігінің (горка) де жарылып кеткендігіне шағымданды. Оған сырғанаған сәби "киімдерін жыртып, аяқтарын жырып алады".


Image 3

Авангард 3-ші ықшамаудандағы №9 үйдің ауласынан бір бұрандамен бекітіліп тұрған төбешікті анықтадық. Бұл бұранданың қаншама баланы көтеретіні белгісіз. Осы жерде сынған әткеншек-тербелмелер шашалып жатыр.


Image 7

Отырғышсыз қауіпті әткеншектерді Владимирский көшесінің бойындағы №23 "а" үйдің жанындағы ойын алаңынан да таптық.


Image 2

Құрманғазы аллеясындағы балалар алаңы туралы Татьяна есімді қала тұрғыны әңгімеледі:

- Біріншіден, бұл жердегі төбешіктердің өздері шытынаған және сынған, бірақ балалар ештеңеге қарамайды ғой, олар сырғанап жатыр. шытынаған қырлы жиектері қолдарын, аяқтарын, арқаларын жырып тастайды. Өзім де әлденеше рет осы көрініске куә болдым. Оның үстіне төбешікпен сырғанау үшін, балалар үлкен пластик шардың ішіне кіруі керек. Бірақ металл пластинадан жасалған шардың түбі баяғыда шіріп кеткен, асты салбырап тұр. Балалар оның өткір қырларынан жарақаттануы мүмкін.


Image 8

Абай көшесінің бойындағы 28 "а" және 28 "б" үйлердің тұрғындары редакцияға өз тілектерін айтты:

- Біздің ауламызда бетон тақталар мол. Ал балалар алаңының өзінде тастар көп. Балалар төбешіктен сырғанап, тіке соған құлап, жиі жарақттанады. Егер алаңға басқа қаладағыдай арнайы резіңкелі материалдан жасалған қауіпсіз жабын жасаса жақсы болар еді.

Қауіпсіз жабын - бұл, әрине, жақсы-ау, бірақ бұл жердегі ПИК-ке ең алдымен бетон тақталар арасындағы үңірейген тесіктерді бітеген жөн болар еді. Оның астынан, шамасы, сумен қамту және жылыту жүйесінің тұрбалары өтетін болуы керек. Бұл жерден шұңқырға түсіп, жарақаттану түк емес.


Image 6

Тағы бір шытынаған балалар төбешігін біз Абай көшесі бойындағы №19 үйдің ауласынан таптық. Бұл жердегі балалар алаңы қоқыс орнынан бірнеше метр жерде орналасқан.

Біраз уақыт бұрын біздің сауалдарымыздың біріне берген жауабында қалалық әкімдік "Атырау қаласындағы балалардың 190 ойын алаңын, сондай-ақ 33 спорт алаңы мен 48 шағын футбол алаңын ұстауға жыл сайын бюдеттен 20 млн теңге бөлінеді" деп хабарлаған еді. Біз көрген алаңдарға, одан үлес тиюі екіталай.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

11 маусым 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.