Атырау, 22 желтоқсан 19:26
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Тон тігетін шебер жоқ

3 626 просмотра

Атырау аумағын қоянның қандай түрі мекен етеді? Оны аулап, ермек қылғысы келгендер қай жерлерге барғаны жөн? Қоян терісін пұлдап отырғандар бар ма? Бұл сауалдарды Атырау облыстық орман және аң аулау шаруашылығы аумақтық басқармасы қызметкерлеріне қойған едік.

Басқарма бөлімі меңгерушісі Сақтапберген ӘЛІПҚАЙЫРОВТЫҢайтуынша биыл 500 бас қоян аулауға лицензия берілген екен.

-Қоян мамық жүнді аң қатарына жататындықтан оны аулау кезеңі 15 қазаннан 15 ақпанға дейінгі аралық саналады. Ол аймақтық географиялық ендіктерге байланысты кей облыстарда ертерек, ал кей жерлерде жайырақ басталады,-дейді маман.

Сақтапберген Әліпқайыровтың сөзіне сүйенсек 2009-2010 жыл аралығындағы мәліметтер аймақтағы қоян санына оншалықты өзгерістің болмағанын көрсетеді. «Қоян аулауға барғыңыз келсе Қызылықоға жаққа барыңыз» деп кеңес береді ол. Одан бөлек Индер, Исатай аудандарының Нарын құмының қатқылмен шектесетін тұстары да қоянды аймақ саналады екен. Ал қала немесе теңіз маңында аз, оған жыртықыш аңдардың немесе адамдардың көп аулауы да себеп болуы мүмкін.

- Біздің облыста көбіне толай- қояндары мен ор қояндар(русак) кездеседі.Оларды атау беріп жіктегенмен аса айырмашылығы жоқ. Тек ор қояндар көбіне ірі, терілері сұрша, бозғылт болып келеді. Ал толай-қояндардың денесі қысқалау. Оларды құм қояндары деп те атайды. Дәнді шөптермен қоректеніп, егістік алқаптарын жайылымға айналдырады,-деп түсіндіреді Сақтапберген Әліпқайыров.

Өкінішке орай, ауланған қоян терілерін Атырау өңірінде іске жаратып отырғандар жоқ көрінеді. Бұрынғы Одақ кезінде Қазақстан қоян терісінің 95 пайызын өткізеді екен.

- Қолынан іс келетіндердің қоянның терісін илеп, бөрік тігіп киетіндері бар, бірақ қоян терісінен тон тігіп киіпті дегенді естігенім жоқ ,-дейді ол.

Ендеше қоянға лимит бөлінгенімен, терілері далаға тасталатын қой немесе басқа үй жануарлары терілері тәрізді керексіз қоқысқа айналады деген сөз. Бәлкім бұл ертерекетегі байшыкештердің қасқыр, құндыз, түлкі ішіктер киіп, ал қой, қоян терілерін қарабайырлардың киетіні саналатын сана сол қалпы қалғандықтан ба екен?

Сәния ТОЙКЕН

5 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.