Атырау, 8 қазан 04:28
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Жазыл да, миллион ұтып ал!

3 007 просмотра

ЖАЗЫЛ ДА,

МИЛЛИОН ҰТЫП АЛ!

«Ақ Жайыққа» жазылу «Қазпошта» бөлімшелерінде жүргізіледі.

Бұдан басқа, әдеттегідей, Азаттық даңғылы, 21 және Жарбосынов, 5 мекен-жайларындағы «Ақ Жайық» дүкендерінде баламалы түрде жазылу қабылданады.

Назар аударыңыз! Әдеттегіше 2012 жылға толық жазылушылар арасында дәстүрлі лотерея ойыны өткізіледі.

Сыйлықтар саны – 27. Бұлар басты екі сыйлық – 1 000 000 теңгеден ақшалай ұтыстар (бірі – Атырау қаласы, екіншісі – аудан тұрғындары үшін). Сондай-ақ, 100 000, 90 000, 80 000, 70 000, 60 000, 50 000, 40 000, 30 000, 20 000, 10 000 теңге мен 5 000 теңгеден 15 ынталандыру сыйлықтары ұтысқа тігіледі. Қалай болғанда да ешкім ұтылмайды, барлығы да 5408 теңгені үнемдей отырып, өздерінің жылдық жазылымын ала береді.

Ескерту: 1. Ұтқан 27 адам сыйлықтарын алған кезде 10 пайыз табыс салығы ұсталады. 2. Өткен жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, жазылушыларымыздың 50 пайыздай бөлігі лотереяға қатыспайды. Шамасы, өздеріне қарағанда сол игілікке қолы жетпей жүрген жерлестері ұтсын дейтін шығар.

28 ЖЕЛТОҚСАНДА БІЗДІҢ

ОҚЫРМАНДАРЫМЫЗДЫҢ ҒАНА ЖОЛЫ БОЛАДЫ

Сізді лотереяға қатысушылардың қатарына қосу үшін бар болғаны төмендегі шарттарды орындасаңыз жеткілікті:

а)үстіміздегі жылдың 26 желтоқсаны (дүйсенбі) сағат 18.00-ге дейін Азаттық даңғылы, 21 немесе Жарбосынов, 5 мекен-жайларындағы «Ақ Жайық» дүкендеріне 2012 жылға жазылу абонементін көрсетуіңіз керек. Ол біздің мөріміз соғылғаннан кейін өзіңізге қайтарылып беріледі;

б) нөмірлі лотерея билетін толтыруыңыз қажет. Оның бір бөлігі сізде қалады.

Міне, осы шарттарды орындасаңыз болғаны. Мұны өзіңіз де немесе таныстарыңыз арқылы да (әсіресе, ауылда тұратын оқырмандарымызға қатысты) жасай аласыз. Ешқандай құжат талап етілмейді. Газетімізді баламалы түрде алуға бір жылға жазылғандар (газетті жақын маңдағы хабарландырулар қабылдайтын 7 қосынымыздың бірінен алатындар) да лотереяға қатыса алады.     

11 қазан 2011, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған