Атырау, 28 қараша 13:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Баймұхановтағы жатақхананың подъезі опырылып түсті

2 574 просмотра

Бүгін, 31 мамырда сағат 11-де Баймұханов, 39 мекенжайындағы жатақхана подъездерінің біріндегі баспалдақ аралығы мен жабын арқалығы опырылып түсті. Бағына қарай, ТЖД хабарлағандай, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Баймұхановтағы 1974 жылы салынған апатты ғимарат 2014-2020 жылдарда Атырау қаласындағы жатақханалар, апатты және тозығы жеткен үйлерді күреу жөніндегі облыстық бағдарламаға енген. Ол 2014 жылы күрелуге тиіс еді, бірақ содан кейін биылғы жылға ауыстырылды. Жатақханада су мен кәріз жүйесі болған жоқ, электр қуатына қатысты үнемі іркілістер туындап тұрған.

- Тұрғындардың бәрі (141 адам) Железнодорожный көшесінің бойындағы жатақханаға бейімделген ғимаратқа көшірілді, - деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Гүлмира ШӘКІРОВА. - Бұдан бұрын ол жерде суға кеткен үй тұрғындары болды, бірнеше күн бұрын біз оларды жалға алынған баспаналарға орналастырдық.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

Бейнежазбаны көз көрген куәгер жолдады

31 мамыр 2015, 21:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.