Атырау, 28 қараша 13:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Бұйрық: ЕУРО-4 болмаса, көліктер тіркелмесін

4 721 просмотра

Image 026 мамырдан бастап ABS, ISOFIX жүйелері мен қауіпсіздік жастығы жоқ көлікті тіркеуге болмайды – «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы» Инвестициялар және даму министрінің №342 бұйрығы заңды күшіне енді.

Құжат Қазақстандағы көлік құралдарын тіркеуді және жол жүру үшін машиналарға рұқсат етілген параметрлерді белгілейді.

Министрдің бұйрығы автокөлік құралдарының рұқсат етілген габариттерін; көлік құралының түріне қарай олардың салмақтарын; рұқсат етiлген бiлiкке түсетiн жүктемелер деңгейін; ластаушы заттар шығарындыларының нормативтерін реттейді. Соңғы параметр Еуро-4 экостандартына сай келмейтін көліктерді есепке қоюға тыйым салады (кестені қараңыз).


Image 0

Осылайша, бұл бұйрық, әсіресе зиянды заттар шығарындылары бойынша шектеулер (Еуро-4 экологиялық нормалары) тұрғысында қымбат емес ұсталған көліктерді әкелуді едәуір шектейді.

Бұйрық ҚР-да бастапқы тіркеу үшін М1 санатындағы автокөлік құралдарының конструктивтік параметрлері тұрғысында ең маңызды өзгерістер енгізді, - дейді облыстық ІІД ӘПБ ТЕБ бастығының міндетін атқарушы Арман АЯЗҒАЛИЕВ.

Енді ҚР аумағында «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының міндетті талаптарына сәйкестігін бекіту туралы (көлік құралы құрылымының қауіпсіздігі туралы мақұлдау және куәлік секілді) құжаты немесе ҚР ұлттық заңнамасы шеңберінде қолданыстағы сәйкестік сертификаты жоқ М1 санатындағы көліктерді бастапқы тіркеуге тек:

  1. Тежегішті бұғаттауға қарсы жүйе (немесе АВS);
  2. Фронтальді қауіпсіздік жастығы;
  3. ISOFIX бекіту жүйелері (балаларды тұтып тұратын жүйені көлік құралына жалғау жүйесі)

бар болғанда ғана рұқсат етіледі.

Бұйрықта тағы бір міндетті параметр айтылған. Бірақ бұл тармақ 2017 жылдың қаңтарында заңды күшіне енеді. Бұл талап күндізгі жүріс шамдарын автоматты қосу жөнінде.

Ескерту: М1 – техникалық регламент бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізушіден басқа, сегізден аспайтын отырғызу орны бар автокөлік құралдары.

М1 санатына жеңіл көлік құралдары жатады («В» жүргізу санаты сәйкес келеді).

Дайындаған Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

30 мамыр 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.