Атырау, 31 желтоқсан 16:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 502.57
€ 591.68
₽ 6.42

Назарбаев Қазақстанның бүкіл мемаппаратын «тінтіп шығуды» ұсынды

1 730 рет қаралды

Image 0Бурабай. 29 мамыр. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалды реформа аясында Қазақстанның бүкіл мемлекеттік аппаратын «тінтіп шығуды» ұсынды.

«Мемқызметке тек еңбегімен түсу үшін, біздің бүкіл мемлекеттік аппаратты төменнен үстіге дейін «тінтіп шыққымыз» келеді», - деді Н. Назарбаев жұма күні ТМД елдерінің үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысушыларымен кездесуде.

Мемлекет басшысы өзі мәлімдеген бес институционалды реформаның біріншісі меритократия қағидаттары бойынша жаңа мемлекеттік аппарат құру болатынын еске салды.

«Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын жеке сектор еңбекақысының 70%-ына теңестіргіміз келеді. Бонустарды олар нақты нәтижелер бойынша алатын болады, аудан, облыс, республика және үкіметтің әр деңгейі үшін критерийлер мен міндеттер жасап шығарылатын болады», - деп толықтырды президент.

Дереккөз: ҚазТАГ

29 мамыр 2015, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.