Атырау, 18 мамыр 18:58
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Аптап ыстық құрбандары

2 063 просмотра

Кейбір облыс тұрғындары ақылға салмастан, шомылу маусымын бастап кеткен. Алғашқы құрбандар да пайда болды. Екі күн аптап ыстықта өзен үш адамның өмірін қиды.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, 27 мамырда кешкі сағат бес жарымда 34 жастағы ер адам Қызылқоға ауданының Ойыл өзенінде суға кетіп қалды. Оның денесін ТЖД судан құтқару қызметінің қызметкерлері бір тәулік өткен соң тауып, судан шығарып алды.

28 мамырға қараған түні сол аудандағы Қарасу өзеніне 47 жастағы жергілікті тұрғын батып кетті. Дене судан бір тәуліктен соң шығарылды.

28 мамырда Атырауда орталық көпір маңында Құлсары қаласының 20 жастағы тұрғыны суға кетті. Көз көргендердің айтуынша, үш жас жігіт Жайықтан жүзіп өтуді ұйғарыпты. Өзен ағысын тек екеуі ғана игерген. Жігіт олардың көз алдарында суға батып кеткен. Құтқарушылар денені бірнеше сағаттан кейін тауып, шығарып алды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

29 мамыр 2015, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.