Атырауда өткен «АТЫРАУГЕО-2015» конференциясында Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ ҚР инвестициялар және даму министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай НҰРБАЕВТАН биыл Каспий теңізіндегі суға кеткен ұңғымаларды жоюға қандай қаржы қарастырылғанын сұрады.
– Бізде бұл тұрғыда үлкен проблема болып отыр, - деп қосып қойды әкім.
Нұрбаев: Бізде осы мәселе бойынша президент әкімшілігі мен Қауіпсіздік кеңесінің тапсырмасы бар. Бұдан бұрын осы мәселемен энергетика министрлігі айналысты, өзі төгілетін ұңғымаларды жою жөніндегі арнайы АҚ құрылды. Бірақ оның жұмысына қаржы бөлінбеді. Осыған байланысты 2013 жылы АҚ таратылды, ал 2014 жылы бұл мәселені бізге, геология комитетіне жүктеді. Біз 40 ұңғыманы жою жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірледік. Жұмыс құны миллиард теңгеге бағаланды, алайда бюджетті секвестрлеуге байланысты 2015 жылы Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы 13 ұңғыманы ғана жоюға қаржы бөлінді. Тендер өтті, оның жеңімпаздары болып танылған компаниялар Атырауда және Ақтөбеде жұмыс істейді. Біз Қауіпсіздік кеңесіне ақпарат жолдадық және қосымша қаржы бөлінеді деп үміттенеміз.
Жауапқа қанағаттанбаған Ізмұхамбетов өзінің бастапқы мәлімдемесін төмендегі сөздермен толықтырып, Нұрбаевтан оған осы ақпаратты жазбаша түрде ұсынуды өтінді.
– Таяу күндерде бізге үкімет басшысы келеді, мен оның алдына соңғы жылдары суға батқан ұңғымаларды жою мәселесінің негізгіз еленбегені жөніндегі мәселені қоюға мәжбүрмін. Басқаша айта алмаймын. Күндердің күнінде айтарлықтай апат орын алса, оны жоюға миллиондаған немесе миллиардтаған қаржы керек болады. Мен мұны өзімді қауіпсіз ету үшін емес, бұған өте қажеттілік болған соң айтып отырмын.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ