Атырау, 19 қазан 07:19
 дождьВ Атырау +10.7
$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

​Педофил өз қарындасын үш жыл бойы зорлап келген

4 333 рет қаралды

Image 0Қызылқоға ауданының 28 жастағы тұрғыны үш жыл бойына кәмелетке толмаған қарындасын зорлап келген деп күдіктелуде.

– Алғаш рет оның бір анадан туған, әкелері бөлек қарындасын 2012 жылы ол 12 жаста болған кезде зорлағандығы анықталды, - дейді облыстық соттың ақпаратпен қамту қызметінің жетекшісі Боранбай ҒАЛИЕВ. – Одан кейінгі үш жылда отбасылы болған зорлықшы өз әрекетін әлденеше рет қайталаған, бірақ бұл туралы айтуға қыз қорыққан. Өйткені оны өлтіремін деп қорқытқан.

15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын ҚР ҚК-нің 120-бабының 4-тармағы («Көрінеу жас балаға қатысты жасалған зорлық») бойынша іс қозғалды. Сот қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын алды.

Анастасия ПАСТУХОВА

29 мамыр 2015, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.