Атырау, 23 желтоқсан 22:37
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Жылыойда сұлу жерлер көп

3 129 просмотра

Құлсарыда туризм күніне орайластырылып жылыой ауданының көшбасшы жастар клубының І–ші форумы болып өтті. Бұл шараға ауданның 11 көшбасшы клубының 100-ге тарта мүшесі қатысты.

Жылыой ауданында көшбасшы жастар клубын құру бастамасын үкіметтік емес «құлсары жастары» ұйымы көтерген еді. Бұл ұйымға «Теңізшевройл» ЖШС-нің қаржыландыруымен еуроазия қоры қолдау танытты. Олардың қызметі негізінен 8-11 сынып оқушыларын қаржылық сауаттылыққа, көшбасшылықты дамытуға және кәсіпке бейімдеуге бағытталған болатын. Көшбасшы жастар клубының он мүшесі ауданға таяу орналасқан ауылдарда өз қатарластары үшін тренингтерді өздері өткізді.

«Форум – бұл адамдардың өзін-өзі тануына және өз ойын білдіруіне мүмкіндік беретін орын. Жастар көшбасшылығы – жастарға әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге олардың өз энергияларын жұмсауға жол беретін қоғамға қажетті қозғалыс»,-дейді жобаның тренері Нелли Куликовских.

Форум аясында жасөспірімдердің  «жылыой азимут» туристік клубы аталмыш ауданның табиғаты сұлу жерлері және жануарлар мен өсімдіктер әлеміне арналған фото көрме ұйымдастырды. Көрмеге қойылған жұмыстардың көпшілігін атырау обаға қарсы стансасының зоопаразитологиялық зертханасының меңгерушісі, зоолог, біздің өлкеміздің жануарлар әлемі туралы жазған кітаптардың авторы Федор Сараевтың еңбегі құрады. Сондай-ақ, форумға қатысушылар ауданның туристік орындарының ашылу салтанаттарына да қатысты. Балалар болашаққа арналған жоспарлары мен тәжірибелерін бөлісті, іскерлік ойындарына қатысып, жастардың әлеуметтік мәселелерін талқылады және шатыр тігу, алау жағу секілді жылдамдықты анықтайтын сайыстардан бақтарын да сынап көрді.

Тамара Сухомлинова

6 қазан 2011, 21:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.