Атырау, 29 желтоқсан 05:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Өндірістік тәжірибені еңбек жолыңыздың бастауы етіңіз

3 068 просмотра

Кәсіптік техникалық лицейлер мен колледждердің оқушыларына өндірістік тәжірибеден өту мерзімі басталды.  Осыған байланысты редакцияға балаларының тәжірибеден  қайдан өтетіндігін сұраған студенттердің ата-аналары хабарласты.  

Облыстық білім беру басқармасының мәліметтері бойынша бізде барлығы 25 колледж ғана, оның 12-сі мемлекеттік, 5-еуі жеке және 13-і кәсіптік лицей. Осы оқу орындарының 3-курсында оқитын  барлық оқушылар өндірістік тәжірибеден өтуге кірісті. Әрбір оқу орнының компаниялармен өз келісімдері жасалған. Олардың қатарында АМӨЗ, «Атырау-Жарық», «Сазан-Құрақ», «Матин» секілді ірі-ірі өндіріс ошақтары да бар.

«Мәселен, біз экологтарды тәжірибеден өту үшін Жайық-Каспий экология департаментіне жібердік, өйткені біздің олармен келісімге отырғанбыз, -дейді Атырау құқық және бизнес колледжінің өндірістік тәжірибеден өткізу жөніндегі директордың орынбасары Ақзира СҮЛЕЙМЕНОВА.  – Тәжірибеден өту үшін өз беттерінше кәсіпорын таба алмаған студенттер бізге жолығулары керек. Біз оларға жолдама береміз. Мәселен, мұнай және газ кен орындарын пайдалану мамандығы бойынша оқып жатқан студенттерді біз кен орындарына жібереміз. Мұның бәрін кураторлар түсіндіруге тиісті болатын. Сондай-ақ, бізде “Светланд-Ойл”, “Қожан” ЖШС секілді мұнай компанияларымен келісім-шарттарымыз бар. Айталық, «Қожан» компаниясы өзіне біздің 20 студентімізді өзі таңдап алды, енді олар студенттердің оқу ақысын да төлемек. Өндірістік тәжірибеден өткендігі үшін ақы төленбейді, алайда, компания тәжірибе кезінде өзін жақсы көрсете білген студенттерді  жұмысқа алатын болады.

Қысқасы, қолдарына жолдама алмаған студенттер оқу орындарындағы өз кураторларына жолығулары тиіс. Бастысы - тәжірибеден өтуден қашпау керек, өйткені ол сіздің еңбек мансабыңыздың бастамасында айрықша рөлді атқаруы мүмкін.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

6 қазан 2011, 20:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.