Атырау, 5 қараша 13:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Теңізде өрт шықса өшіретін құрал жоқ

2 480 просмотра

Каспий теңізіндегі бірқатар кемелер қауіпсіздік талаптарына сай келмейді. Жүргізілген тексеру жұмыстарынан кейін еліміздің бас көлік прокуратурасы осындай тұжырымға келді.

«“Қарлығаш”, “Нұр”, “Шапағат” жүзбелі қонақ үйлерінде, сондай-ақ Каспий теңізінің солтүстік бөлігін игеруге жұмылдырылған “С.М. Surveyor” теңіз кемесінде өртке қарсы құралдар жоқ. “Қарлығаш” кемесінде құтқару шеңберлеріне бекітілген буйлар қолдануға жарамсыз. “Қарлығаш”, “Арктикаборг”, “Сара Матье XII” және “Каспиан Мариа» кемелерінде радиостансалар рұқсат құжаттарынсыз пайдаланылған», - делінген таратылған баспасөз релизінде.

Бұдан басқа, жасанды «D» аралында рұқсат құжаттарынсыз және мемлекеттік тіркелімсіз қолдан жасалған екі шағын кеме пайдаланылған. Басқа да заң бұзушылықтар бар.

Тексеру нәтижесі бойынша көлік прокуратурасы заң бұзушылықты жою туралы 14 ұсыныс пен 1 ұйғарым енгізді. 5 лауазымды тұлға  тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 1 қылмыстық іс қозғалды.

Лев ГУЗИКОВ

29 қыркүйек 2011, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.