Атырау, 23 қараша 12:31
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жилгородокта тағы бір жеке емхана ашылды

3 478 просмотра

26 қыркүйек күні Атырауда Жилгородоктағы АМӨЗ профилакториясының базасында құрылған жаңа «Медикер» емханасының тұсаукесері өтті.  

Тұсаукесерге бір сағат қалғанда келген облыс әкімі Бергей Рысқалиев палаталарды, операция залдарын, диагностикалық кабинеттерді және т.б. қарап шықты. Салтанатты рәсімге шақырылғандар арасында компаниялардың (отандық «ҚазТрансОйл», «Қаз-МұнайГаз», «ЕмбіМұнайГаз», «Казахинстрах») корпоративті клиенттері мен қаладағы басқа жеке емханалардың басшылары көп болды. «Медикер» ЖШС бас директоры Гүлжан САДЫРБАЕВАНЫҢ айтуынша, ЖШС-нің атыраулық өкілдігі 5 жылдан бері жұмыс жасап келеді әрі 40 мыңдай адамға қызмет көрсетеді екен. Олардың басым бөлігі мұнай компаниялары. Бірнеше жыл бұрын ЖШС бұрынғы АМӨЗ профилакториясының ғимаратын сатып алып, қайта жарақтауға миллиардтан астам теңге қаржы салған. Медициналық және кеңсе жабдықтары ішінара «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында жеңілдік несиесімен сатып алынған. Емхана қуаттылығы енді Атырау қаласының, тіпті облыс халқын медициналық қызметпен қамтуға қабілетті.

Ғимарат күніне 50 келім саны мен 24 кереуеттік стационарға есептелген. Әр палатада теледидар, жеке себілгі бөлмесі мен канализациялық жүйелер, сондай-ақ тамақ ішетін бөлме бар. Компания басшыларының айтуынша, жуырда балалар бөлімшесіне лор-комбайн әкеледі. Ол жоғарғы тыныс алу мүшелерінің түрлі сырқаттарына дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді. Емханада 4D форматындағы УЗИ, Roshe, Hitachi, Sysmex фирмаларының жабдықтарымен, соның ішінде Cobas 6000 автоматты анализатормен (инфекциялар, гормондар, онкомаркерлер) жарақталған толыққанды зертхана бар. Бұл жерде МРТ томографиясы жоқ.

Екі операция кабинетінде келесі бағыттар бойынша операциялар жүргізілетін болады: жалпы хирургия, травматология, гинекология, көз микрохирургиясы (көз алмасына операция жасау), лор-операциялар және т.б. Қолда бар жабдықтар ішкі ағзаларға лапароскопиялық әдіспен (үлкен тілік жасамай) операциялар жасауға мүмкіндік береді.

Емхана пациенттерді қазаннан бастап қабылдай бастайды. Қызмет құны әзірге жарияланған жоқ. «Медикердегілер» қызмет бүкіл халыққа қолжетімді болу үшін «қолайлы баға саясатын» ұстануға уәде берді. Ал басқа емханаларда жоқ медициналық қызмет құны  Алматы мен Астанадағы бағалармен теңестірілетін болады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

29 қыркүйек 2011, 00:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.