Атырау, 20 сәуір 18:37
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Мұнайшыларға арналған теңдесі жоқ зертхана

3 380 просмотра

Image 313 сәуірде Бірлік поселкесінде «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС-нің базасында біріккен «Шелл» және «ҚазМұнайГаз» инновациялық жобасын - Қазақстандағы тұңғыш халықаралық деңгейдегі геохимиялық зертхана кешенін ашу салтанаты өтті.

ОН ТӨРТТІҢ ІШІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ШЕШІМ

Жоба «Қазақстандағы мұнай-газ саласының өндіруші секторын ғылыми-технологиялық дамыту жол картасын» жүзеге асыру шеңберінде жүзеге асырылды.

Алғаш рет «...жол картасын» нидерландық-британдық «Шелл» компаниясы 2009 жылдың желтоқсанында Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысында ұсынды. Біріккен жұмыс барысында қазақстандық тарап 15 басымды технологиялық міндет қойды, оны шешуден түсетін жалпы пайда, «Шелл» пікірінше, ондаған миллиард долларды құрауы мүмкін.

Шешілген міндеттердің біріншісі геохимиялық зертхана болды. Оның жабдықтарын толығымен «Шелл» компаниясы жеткізіп, орнатты. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ қалған инвесторларды тағы 14-ін орындауға шақырды. Ашылу салтанатында меймандар арасында, негізінен геологтар мен мұнайшылар болды. Мұндай зертхананың ашылуы олар үшін қуанышты жағдай. Олар посткеңестік кеңістікте теңдесі жоқ осындай зертхананың дер кезінде пайда болғанын атап өтті. Енді мұнайды «тереңнен» өндіру ҚМГ-нің таяудағы жоспарында бар.

Әрине, бұл кернді (ұңғымадан алынған тау жыныс үлгісі) зерттеу үшін негіз болмақ. Бұл тереңдікте не болып жатқанын түсіну үшін маңызды. Егер біз геофизикалық зерттеуді кернмен растамасақ, оларға сенім жоқ. Бүгінгі күні қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұстанымы осындай, - деп түсіндірді Алматыдан келген меймандардың бірі.

Қазақстандағы «Шелл» концерні төрағасының орынбасары Құралбек КЕЛЖАНОВТЫҢ айтуынша, енді көмірсутек шикізатының жаңа қорларын ашуға және миллиондаған долларларды үнемдеп, мұнай барлау операцияларын арзандатуға мүмкіндік пайда болды. Бүгінде бір ұңғыманы бұрғылау құны 20-дан 200 млн долларға дейін тұрады. Ал бір өзі бар болғаны бірнеше долларға шығатын зертханада геохимиялық талдау жүргізу барлау ұңғымаларын салу көлемін күрт азайтуға мүмкіндік береді.

– Мұнайға талдау жасай отырып, елімізде көмірсутек шикізатының жаңа қорларын табуға болады. Фингерпринтинг принципі - яғни, дактилоскопия қолданылады: молекулярлық деңгейде қайда, қай көкжиекте, қандай құрылымдарда көмірсутектер жатқанын білуге болады, - деді Қ.Келжанов.


ЖАҢА ҒЫЛЫМ ҮШІН ЖАҢА КАДРЛАР

«Өндіру және бұрғылау технологиясы» ҒЗИ басқарушы директоры Рахим ӨТЕЕВТІҢ айтуынша, зертхана биылғы жылдың екінші тоқсанында толық күшпен жұмыс істейтін болады:

– Қазір адамдар оқыған, өз кеніштері бойынша сынама зерттеулерін жүргізетін болады. Әзірге мұнайшылармен алдын ала келісімшарттар жасалған жоқ. Алайда «Шелл» концернімен Сахалиндегі олардың жобасын сынама зерттеу туралы келісімшарттары бар. Кеден одағының болуына байланысты оларға сынамаларды бұрынғыдай Голландияға немесе Дубайға жібергеннен гөрі осы жерге жолдау жеңілдеу.

– Бұл жерде әлденеше рет атап өтілгендей, геохимия - бұл ҚР-дағы жаңа ғылым. Зертхана үшін кадрларға қатысты мәселені қалай шештіңіздер?

– Біз «химия және биология» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарымыздың түлектерін іріктеп, геохимиктер етіп қайта оқытамыз. Бұл едәуір қиын процесс, Назарбаев Университетінен мамандар тарттық. Бірінші кезеңде Қарабатан базасында лаборанттарды оқытамыз. Келесі кезеңде «Шелл» мамандарымен нәтижелерді түсіндіреміз. Егер анағұрлым терең білім қажет болса, адамдарды Голландияға оқуға жібереміз. Бұл шынымен де жаңа бағыт. Елімізде геохимиктер саусақпен санарлық. Мен, мәселен, Голландиямен және АҚШ-пен бірге осы саладағы көшбасшы әрі осы жерде ұсынылған жабдықтарды жасаушы болып табылатын Францияда оқыдым.

– Геохимия зертханасының штаты қандай болмақ? Орташа жалақы қанша?

– Зертхананың өзінде 10 адам жұмыс істейтін болады. Орташа жалақы 120-150 мың теңге, салыстырмалы түрде бұл өте жоғары емес, сондықтан бізге Қарабатанда жұмыс жасайтын мамандарды тарту қиын.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

15 сәуір 2015, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.