Атырау, 26 желтоқсан 15:44
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Екі күн газ болмайды

2 493 просмотра

28-29 қыркүйекте қаланың оң жақ жағалау бөлігін газбен қамтамасыз ету тоқтатылады. Бұл туралы «ОблТрансГаз» КМК бас директорының орынбасары Александр БАЛАКИН хабарлады.

Осы екі күнде газбен қамту мекемелерінің бригадалары жүйелерді қысқы маусымға дайындаумен айналысатын болады.

Қаланың сол жақ жағалауына келер болсақ, ол жерде газды сәл кейінірек айырады. «Жергілікті билік мерзімдерді екі мәрте ауыстырды, - дейді «Интергаз-Центральная Азия» АҚ-ның «Атырау» магистральды газ құбырлары басқармасы диспетчерлік қызметінің бастығы Сәдуақас ХАМИДУЛЛИН. -  Біріншіде президент сапарына орай, екіншіде ЖЭО мен АМӨЗ өтініші арқылы». Енді «бұқар» жақты қамтамасыз етіп отырған газ тарату стансасының газды тоқтату мерзімі шамамен 4-6 қазанда болмақ.

“Атыраугазинвест” ЖШС абоненттері де газды “ОблТрансГаздан” алып отырғандықтан көгілдір отынсыз қалуы мүмкін. Электр пештеріңізді ерте бастан қамдаңыздар!

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 қыркүйек 2011, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.