Атырау, 1 мамыр 16:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Цементтен героин табылды

2 727 рет қаралды

Әлдебір «қайырымды» жан героин салынған 12 қағаз түйіншекті колония аумағына цемент салынған қапшықпен алып кірмек болған.

- 19 қыркүйек күні УГ157/9 мекемесіндегі бөлмені тексеру кезінде құрылыс мұқтаждығы үшін көмек ретінде әкелген цемент қапшығының ішінен уатылған күңгірт-сұрқай зат салынған 12 қағаз түйіншек табылды, - дейдіІІД баспасөз хатшысы Гүлназира МҰХТАРОВА. – Сараптама мұның героин екенін анықтады. Есірткінің жалпы салмағы 0,21 грамм. Осы факті бойынша 1985 жылы туылған Бірлік поселкесінің тұрғыны ұсталып, уақытша қамау изоляторына жіберілді. Тергеу ісін ІІД-нің тергеу басқармасы жүргізуде.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

22 қыркүйек 2011, 19:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.