Атырау, 13 қараша 10:24
 ашықВ Атырау +2
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

Санитарлық тазалық сенбілігі өтеді

3 134 просмотра

24 қыркүйек күні бүкіл еліміз бойынша Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау құрметіне орай сенбілік болады деп жарияланды.

20 қыркүйек пен 20 қараша аралығында қалалық әкімдіктің қаулысымен облыс орталығының көшелерін санитарлық тазалаудың және абаттандырудың екі айлығы жарияланған болатын. Стихиялы қоқыс орындарын жою, контейнер алаңдары мен контейнерлер орнату, тұрғын үйлердің жертөлелерін құрғату және қурап қалған ағаштарды кесіп тастау жұмыстары жүргізілетін болады. Қалалық әкімдік барлық тұрғындарды санитарлық тазарту жұмыстарына белсенді қатысуға шақырады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 қыркүйек 2011, 19:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.