Атырау, 28 желтоқсан 17:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Назарбаев Қашағанда... ...және әкімдік алдындағы алаңда

4 534 просмотра

17 қыркүйек күні, Атыраудағы сапарының соңғы күнінде Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ таңертеңмен металл-пластик тұрбалар шығаратын «Шеврон» зауытына келді. Алайда облыстық басылымдардың журналистерін, неліктен екені белгісіз, президенттің салтанатты шеруіне емес, облыстық әкімдіктің алдындағы алаңға әкелді. Ол жерге кешікпей облыс активтері саналатын: бұрынғы басқарушылар қатарынан ардагерлер, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары топтала бастады. Алдымен кешегі күннің жалғасы туралы айтып өтелік.

Алдыңғы күні, 16 қыркүйекте, президент «Д» аралына барып, онда Солтүстік-Каспий жобасының басшылары жұмыс барысымен таныстырды. Жобаның бас операторы- НКОК-тың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, президентке І-кезеңдегі жұмыстардың аяқталуы жақын екенін, дәлірек айтқанда, 94 пайызға орындалғанын хабарлаған. Қазіргі кезде нысандарды пайдалануға беру үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жобаға 30 мыңнан астам қазақстандық жұмысшылар жұмылдырылған, ал 2005 жылдан бергі мерзімдегі жергілікті тауарлар мен қызметтер үшін жобаның төлемдері 7,5 млрд. доллар құрады. НКОК (1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлісу туралы келісім) ӨБК аясында 11 блокта көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүзеге асыратын оператор ретінде жеті консорциумға қатысушы атынан әрекет етеді.  

НКОК жұмыстың бір бөлігін орындауды төрт компания-агентке тапсырған. Аджип ККО бұрғылауды қосқанда тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру кезеңін жүзеге асыру үшін жауап береді. Шелл Девелопмент Қашаған әрі қарай жоспарлау үшін, теңіз кешені нысандарын әзірлеу мен құрылысы үшін жауап береді. Аджип ККО-ға сондай-ақ, құрлықтағы кешен нысандарын жоспарлау, әзірлеу және құрылысы тапсырылған. ЭксонМобил Казахстан Инк компаниясына екінші кезең аясында бұрғылау жұмыстарын жүргізуге құқық берілген. Барлық кезең бойынша өндіру операцияларын басқару «ҚМГ Қашаған Б.В.» және «Шелл Қазақстан Девелопмент» біріккен кәсіпорындарына жүктелген.

Президент Қашағанды күрделі кеніш деп атады. Одан да күрделісі - инвесторларды тарту деді елбасы. Оның айтуынша, тек Солтүстік-Каспий жобасына инвесторлар 33 млрд. доллар салғанымен, әзірге бір тиын да алмаған. Ал Теңіз кенішіне инвесторлар 30 млрд-тан астам доллар салған. Соңғы жобада, Назарбаевтың айтуынша, Қазақстанның акция пакеті шектеулі, ал Солтүстік-Каспий жобасында «ҚазМұнайГаздың» жоба қатысушыларымен үлесі тең.

"СІЗДЕРДІҢ БІР ӘКІМДЕРІҢІЗ МЕНІМЕН БІРГЕ, АЛ ЕКІНШІСІ ОСЫНДА"

Сол жерде президент «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыған жастармен және «Центр-Регион» және «Регион-Центр» бағдарламасы бойынша алмастырылған мемлекеттік қызметкерлермен кездесті. Соңғы бағдарлама Қазақстанда Назарбаевтың өз бастамасымен жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама бойынша астаналық министрліктер мен ведомстволардағы шенеуніктер аймақтарға және керісінше, аймақтардағы шенеуніктер астаналық ведомстволарға жіберіледі. Олардың қатарында, өткен жылы келген облыс әкімінің аграрлық сектор бойынша орынбасары Серік АЙДАРБЕКОВ те бар.

Президенттің жадыраңқы көңіл-күйі 17 қыркүйек күні де сақталды. «Шеврон» зауытынан алаңға келген Назарбаев атыраулық жұртшылықпен жүздесті. «Атыраубалықтың» бұрынғы бас директоры Қайыржан ӘЛИЕВ президент пен облыс әкімінің арқасында облыстағы зейнеткерлердің жағдайы жақсы екенін айтты. Мәртебелі мейманға жүз жасаңыз деген ол, таяуда Атырауға келген сапарында президенттің құрметіне салынған ау құралына үлкен қортпа балығының түскенін де еске алды.

«Сіз сол кезде атыраулықтар бір нәрсе ойлап тапқыш деп айтқан едіңіз. Егер басқа аймақтардың бәрінде мені атқа отырғызуға тырысса, бұл жерде қортпаға отырғызды» дегеніңіз есімізде,-  деді  Әлиев.

Жиналғандардың арасындағы егде тартқан тұрғындардың бірі президентті «ақпатша» деп атаса, қалғандары Назарбаевқа оның саясаты мен облыстағы оңды өзгерістер үшін алғыстарын жаудырып жатты. Президенттің алдына қойған еңбек ардагерлерінің басты мәселесі – Жайық мәселесін шешу болды. Бергей РЫСҚАЛИЕВ бүгінде оның облыс тұрғындарын мазалап отырған басты проблема екенін мәлімдеді.

- Басқа проблема жоқ, - деді әкім.

Назарбаев асықпай, жиналған белсенді топпен фотосуретке түсіп, жастармен, атап айтқанда, президент туралы өзі шығарған өлең жолдарын шабыттана оқыған Атырау мемлекеттік университетінің 1 курста оқитын сымбатты студенті Әсел ЖОЛДАСОВАМЕН (суретте) сұхбаттасты.

Облыстың гүлденген ахуалына қатысты алғыс сөздерге жауап ретінде Назарбаев кетіп бара жатып, артына бұрылды да, өз әкімшілігінің жетекшісі Аслан МУСИН мен Бергей Рысқалиевті нұсқап:

- Енді не қалайсыздар? Сіздердің бұрынғы әкімдеріңіз менімен бірге жұмыс істейді, екіншісі – осы жерде..., - деп әзілдеді.

Сөйтіп, қоштасты да, көлігіне отырды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суреттерді түсірген автор және NCOC-тың БАҚ-тармен байланыс жөніндегі кеңесшісі Зарина Айсенғалиева

 

Тәуелсіз ел баласымыз бақытты,

Атыраудың аруымын ақықты.

Мақтан тұтам Елбасыны ерекше,

Сыйға тартқан бізге мынадай уақытты.

 

Ақтау арман – Елбасының үмітін,

Оқу парыз осы жолда күні-түн.

Нұр ағамен дидарласып, кездесіп,

Орындалды ұмытылмас ұлы күн.

Әсел Жолдасова

22 қыркүйек 2011, 19:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.