Атырау, 28 желтоқсан 16:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

«АтырауНефтеМаш» пен «Медикерде» елбасы не туралы айтты?

4 325 просмотра

Ел аузындағы әңгімеге қарағанда елбасының бұл сапарында қауіпсіздік шаралары  ерекше күшейтіліпті. Президент жүретін көшелерде полиция қызметкерлері шеп құрған. Олардың арасында форма киген бірқатар әйел адамдар болғанына қарағанда, сыртқы бақылау үшін ІІД-нің бүкіл құрамы жұмылдырылған секілді.

Сапар қарсаңында президенттің күзет қызметінің өкілі атап өткендей, қауіпсіздік шаралары Атырауда таяуда орын алған оқиғаларға (діни экстремистердің әрекеттері туралы қауесеттерге) байланысты күшейтілген екен.

- Бәрінің жүйкелері сыр бере бастады, - деп атап өткен ол, журналистерден елбасы сапарын баяндау үшін тек қажетті жабдықтарды ғана алып жүрулерін өтінді. Журналистердің барлығы нысандар бойынша бөлінді. Президенттің салтанатты шеруімен бірге орталық республикалық басылымдардың меншікті тілшілері ғана жүрді. Ал  президенттің Солтүстік Каспий жобасының жұмыс барысымен танысуы тиіс «Д» аралына «Хабар» мен «Қазақстан» телеарналарының тілшілері ғана жіберілді

16 қыркүйек күні таңертең президенттің салтанатты шеруі алғашқы нысанға – «АтырауНефтеМаш» ЖШС өндірістік кешеніне (элеватор маңындағы жаңа зауытқа) жарты сағаттай кешігіп келді. Елбасының жанында президент әкімшілігінің басшысы Аслан МУСИН мен тете-премьер Өмірзақ ШӨКЕЕВ болды.

Назарбаев пен облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ жақсы көңіл-күйде болғаны айқын еді. Президентке үдемелі индустриялық дамыту бағдарламасының аясында бой көтерген “Флоусерв Қазақстан” ЖШС сервис орталығының өндірістік цехын көрсетті. Орталық директоры Ғазизбек ТҰРАЛИЕВТІҢ (суретте президентпен бірге) айтуынша, «Флоусерв» - әлемдік деңгейдегі сорғы жабдықтарын өндірушілердің бірі. Аймақта оның бөлімшесін ашу мұнай-газ компаниясына жабдықтарды жөндеу үшін Еуропаға жөнелтуге кететін шығындарды әжептәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Орталықта өнеркәсіптің түрлі салаларына арналған тығыздамаларға, сорғыларға жедел қызмет көрсету мен жөндеу үшін қажетті жабдықтардың барлығы бар. Мұнай-газ секторынан өзге орталық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына арналған сорғыларға қызмет көрсету мүмкіндіктеріне ие. Тұралиевтің айтуынша, қазіргі кезде “КТК-К”, “Аджип ККО”, “ТШО” және “КПО” (Қарашығанақ) компанияларымен ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасалған. Бұған қоса орталық қазір “Атырау Су Арнасы” мекемесіне де қызмет көрсетеді.

«АтырауНефтеМаш» пен «Медикерде»...

«ШАҒЫМДАРЫҢЫЗ БОЛСА,МАҒАН ЖАЗЫҢЫЗДАР»

Өндірістік кешен бойынша жасалған экскурсиядан кейін әкім елбасын болашақ жобалардың макеттерімен таныстырды. Содан кейін Назарбаев жергілікті  кәсіпкерлермен кездесті. «Абылайхан-групп» ЖШС басшысы Әмір ИСМАҒҰЛОВ пен «АтырауИнжСтрой» ЖШС басшысы Владимир ПАК президентке бизнес жасауға жақсы жағдай жасағаны үшін, атап айтқанда, шағын және орта бизнесті тексерудің 3 жылдық мораторийі мен рұқсат құжатының қысқартылғаны үшін алғыс білдірді. Президент Исмағұловқа тексеру алдағы уақытта да болмайды деп, әзілмен жауап берді.

- Шілдеде 330 рұқсат құжаттары мен лицензиялар жойылды. Оларды тағы 30 пайызға қысқарту жоспарланып отыр. Бизнесті жаңа бастаушылар үшін салық жеңілдіктері қарастырылған. 3 жылға дейін ешқандай тексеру жасалмайды. Ал егер бұл кесте бойынша қарастырылған болса, онда заң бұзушылық анықталған жағдайда, тексеруден кейін салық инспекторлары материалдарды құқыққорғау органдарына жолдаулары тиіс. Солай болуы тиіс емес пе? – деп сұраулы жүзбен қарады президент кәсіпкерлерге. - Адал еңбек етіп, тыныш ұйықтаған жақсы ғой.  Ал өтіріктің түптің түбінде беті ашылады. Қысымшылық болып жатса, бірден менің сайтыма жазыңдар (www.akorda.kz сайтындағы «Бизнесті қорғау « бөлімі- авт.). Сол жерге 3 мыңға жуық хат келіп түсті, соның ішінде кәсіпкерлерден түскен жасырын хаттар да бар. Сол шағымдар негізінде ондаған адам жұмыстан босатылды.

Кәсіпкерлермен сұхбат кезінде Назарбаев қазақстандық құрамды көбейту, шағын және орта бизнесті дамыту туралы  әңгімеледі.

- Индустриялық бағдарлама мен инновациялар туралы айтар болсақ, олар 227 кәсіпорынға енгізілген. Әлі 130-ын жыл аяғына дейін енгіземіз. Осы кәсіпорындар айналасында бизнес компаниялардың көп мөлшері пайда болуы тиіс.  Атап айтқанда, мұнай-газ саласы бойынша. Мен қазақстандық қамту үлесі көп болуын бүкіл инвесторлардан талап етемін... Мұнай мен газ бір кездері сарқылады. Сондықтан бизнестің басқа саласын дамыту керек, оның үстіне осы үшін елімізде барлық жағдай жасалған. Қазақстандық бизнестің өткізу нарығы болу үшін Кедендік Одақ құрылды. Ал Ресей біздің жақын көршіміз.

Назарбаев сондай-ақ, кәсіпкерлерді аграрлық секторға көңіл аударуға шақырды.

- Көкөніс қоймасы, жылыжайлар, мал жемдейтін алаңдар – тұтас индустрия. Израиль тау-тастың ортасында өмір сүрсе де, жылыжайда өсірген өз бүлдіргенімен бүкіл әлемді асырап отыр. Дағдарыс бизнесті дамыту үшін барлық мүмкіндікті пайдалану керек екендігін көрсетті, - деп түйіндеді сөзін президент.

«МЕДИКЕРДІҢ»ЕРЕКШЕЛІГІ ҚАНДАЙ?

Кәсіпкерлермен кездесуден кейін Назарбаев медициналық «Медикер» орталығына барып, қызметкерлерімен танысты. Осы ғимаратты (АМӨЗ-дің бұрынғы «Жемчужина» профилакториясын) «Бизнестің жол картасы - 2020» аясында қайта жарақтауға 469 млн. теңгедей қаржы бөлінген. «Медикер» ЖШС-не салынған өз қаржыларының көлемі 1 млрд. теңгеден астам. Медициналық орталықта тәулігіне 500 адамды қабылдайтын және 24 орынға есептелген емхана бар.

Ірі сервистік «Медикер» медициналық компаниясы облыста әсіресе вахталық поселкелердегі 40 мыңдай адамға қызмет көрсетеді және әлі күнге дейін емхана түрінде өз «тылдары» болмаған. Дәрігерлер 2008 жылы ғимаратты сатып алған. Бір кездері бұл жерде Атырау мұнай өңдеу зауытының профилакториясы орналасқан. Кейінірек құрылысты бастауға дағдарыс мүмкіндік бермеген. Тек өткен жылы ғана «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасында компания іске кіріскен.

Елбасы емхана ұжымымен сұхбаттасып, оның медициналық қызмет нарығындағы басқалардан қалай ерекшеленетінін сұрастырды. «Болашақ» бағдарламасының түлегі, медициналық қамту жөніндегі директоры Мұратәлі СЕРІКБАЕВ жоғары білікті дәрігерлерімен ерекшеленеді деп жауап берді. Олардың қатарында Астанадан, Семейден, Қарағандыдан, Алматыдан, Ақтөбеден келген мамандар бар. «Біз телемедицинаны белсенді түрде қолданатын боламыз», - дейді емхана меңгерушісі, кардиолог Хамит ОШУРБАЕВ. Адамның сырқаты туралы барлық мәліметтер жетекші медицина орталықтарына жіберілетін болады, қажет болған жағдайда онлайн режимінде операциялар өткізуді жоспарлаймыз. Аймақ тұрғындарына енді анализдерді Алматының немесе Астананың зертханаларына жіберудің қажеті жоқ. «Медикерде» бәрі сол жерде жасалатын болады.

Осыдан кейін президент Қашаған кенішіндегі «Д» аралына ұшып кетті.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

22 қыркүйек 2011, 19:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.