Атырау, 28 желтоқсан 16:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Президент Атырау сапарын аяқтап, Францияға ұшып кетті

3 231 просмотра

16 қыркүйек күні таңертең ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Атырау облысына жұмыс сапарының ресми бөлімі басталды. Президент Атырауға бейсенбі күні кешкі сағат 21.00-де Астраханнан келген еді. Ол жерде әріптесі МЕДВЕДЕВПЕН кездескен болатын

Президенттің Атырауға келу бағдарламасы бізге беймәлім себептермен әлденеше рет өзгерді. Жергілікті биліктің соңғы кездері абаттандыруды күшейтіп жатқан Балықшы поселкесіне елбасының бармайтыны, соған орай «Жайық-Балық» (бұрынғы «Атыраубалық») кәсіпорнына соқпайтыны мәлім болды.

Назарбаевтың жұмыс сапары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына арналған сорғы жабдықтарын жөндейтін «Флоусерв Казахстан» зауытына барып, жергілікті кәсіпкерлермен (суретте) кездесуден басталды. Содан соң кезекте үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған бір рет пайдаланылатын шприцтер, инфузиялық ерітінділер құю жүйелері мен бір мәрте қолданылатын қолғаптар шығаратын «Брандо» зауытын аралау тұрды. Одан әрі қарай сценарий бойынша «Медикер» медицина орталығымен (АМӨЗ-дің бұрынғы «Жемчужина» профилакториясының базасында), Қашаған кенішіндегі «Д» аралына барып, Солтүстік Каспий жобасы бойынша жұмыс барысымен танысу болды. Сол жерде «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен және мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өтті.

Сенбі, қыркүйектің 17-сі күні таңертең Назарбаев металл-пластик тұрбалар шығаратын «Шеврон» зауытының жаңа цехына  барды. Содан соң облыстық әкімдік алдындағы алаңда атыраулықтармен жүздесті. Түс ауа президент әріптесі Николя САРКОЗИМЕН кездесу үшін Францияға ұшып кетті. Оның әрі қарайғы сапары ядролық қауіпсіздік жөніндегі БҰҰ саммитіне қатысу үшін Нью-Йоркте жалғасты.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

22 қыркүйек 2011, 19:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.