Атырау, 28 желтоқсан 16:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Кеше кешкісін елбасы Атырауға келді

4 483 просмотра

Бүгін, 16 қыркүйекте ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Атырау облысына жұмыс сапарының ресми бөлімі басталды. Президент Атырауға кеше сағат 21.00-де Астраханнан келген еді. Ол жерде әріптесі Медведевпен кездескен болатын. Елбасы Атыраудан 17 қыркүйекте аттанбақ.

Атырауға келу бағдарламасы әлденеше рет өзгерді. Жергілікті биліктің соңғы кездері абаттандыруды күшейтіп жатқан Балықшы поселкесіне елбасының бармайтыны, соған орай «Жайық-Балық» (бұрынғы «Атырау Балық») кәсіпорнынан айналып өтетіндігі мәлім болды. Назарбаевтың жұмыс сапары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына арналған сорғы жабдықтарын жөндейтін «Флоусерв Казахстан» зауытына барып, жергілікті кәсіпкерлермен кездесуден басталады. Содан соң үдемелі индустриалдық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған бір рет пайдаланылатын шприцтер, инфузиялық ерітінділер құю жүйелері мен бір мәрте қолданылатын қолғаптар шығаратын «Брандо» зауытын араламақ. Одан әрі қарай сценарий бойынша «Медикер» медицина орталығына (АМӨЗ-дің бұрынғы «Жемчужина» профилакториясының базасында) барып, Қашаған кенішіндегі «Д» аралына барып, Солтүстік Каспий жобасы бойынша жұмыс барысымен танысады. Сол жерде «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен және мемлекеттік қызметкерлермен кездесу жоспарланған. 17-сі күні таңертең Назарбаев металл-пластик тұрбалар шығаратын «Шеврон» зауытының жаңа цехына  барады. Президенттің баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, бұдан кейін ол шетелдік іссапарға аттанбақ.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

16 қыркүйек 2011, 13:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.