Атырау, 28 желтоқсан 16:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

«Мұндай төрешіні көрсем,көзім шықсын», –

3 525 просмотра

Осындай даулы мәлімдемені «Атырау» ФК бас бапкері  Зоран ФИЛИППОВИЧ 10 қыркүйекте «Тараз» футбол командасымен өткен ойыннан кейін жасаған болатын. 

 

Қатерлі оқиғаның орын алатынын күні бұрын ешкім де болжаған жоқ. Командалар мен жанкүйерлер Ярославль қаласының «Локомотив» хоккей командасының ойыншыларын бір минут еске алды. Төрешінің ысқырығы ойынға шақырып, қарсыластар бір-бірінің қорғанысын қалқалауға кірісіп кетті. 32-ші минутта сербиялық шабуылшы қонақНеманья ЙОВАНОВИЧ допты бар күшімен әрі біздің «тоғыздық» қақпасына дәл теуіп кіргізіп еді, бірақ қақпашы Андрей ШАБАНОВ одан құтқарып қалды. Алдын-ала, команданы бір емес бірнеше рет құтқарған қақпашымыздың керемет ойынын астын сызып тұрып атап өткім келеді. 

Ал  матчтың 36-шы минуты «Атырау» ФК-ның аргентиналық легионері, қорғаушы Леон ИГНАСИОНЫҢ өрескел ойыны үшін қуылғанымен басталды (суретте).

Ызалы футболшы қарағандылық арбитр Артём КУЧИННІҢ шешіміне бағынудан біразға дейін бас тартты. Бірақ кейін өзінің де,  командадағы жолдастарының да ақылына құлақ салып, алаңды босатты.

Оның аластатылғаны алаң иелеріне соққы болып тиді. Олар бұдан бес минуттан кейін баяғы сол Йовановичтің кесірінен бір гол жіберіп алды.

Зоран Филиппович төрешіден "Леон не үшін қуылды?!" деп анықтауға тырысты

Екінші таймда біздің ойыншылар керемет ойын көрсетті. Олардың санының аз болғандығы да еш сезілген жоқ. Жақсы шабуылдар, сәттер де болды. Алайда, гол соға алмады. Матчтың қорытындысы  – 0:1 болды.

Финал ысқырығынан кейін 20-30 адамнан құралған аласұрған жанкүйерлер тобы VIP-мінберді қоршап алды. Ал матч инспекторы Қасымжан МӘДИЕВ (Алматы) ойынды сол тұстан бақылап отырған болатын. Жанкүйерлер төрешілікке наразылық білдіріп, еш қымсынбастан инспектордан шұғыл әрекетті ашық түрде талап етті. «Сен мұнда не... үшін келдің және не үшін жалақы алып отырсың» деп шуласты олар. Мәдиев үнсіз күйінде қалуды жөн көрді. Тек полиция наряды мен ішкі әскер сарбаздары көмекке келіп, оны мінберден шығарып алғанда барып орнын босатты. 

Матчтан кейінгі баспасөз мәжілісінде бапкер Зоран Филипович қатысушыларға былай деп хабарлады:

– Бұл бір түрлі ойын болды. Және проблема менің ойыншыларымда емес, мен оларға ризамын. Тіпті сандары аз болса да, олар он төрт ойыншыға болса да қарсы тұра алуы мүмкін. Мен ойын төрешілерінің бізге қалай қарсы жұмыс істейтінін түсінбеймін?! Төреші ойын алдында Леонға “қызыл кәртішке берем” деген, ақыры айтқанын істеді! Бұны қалай түсінуге болады? 

– Бұл ақпаратты қайдан алдыңыз?

– Маған ойыншымның өзі айтты, мен оған сенемін. Әлемнің әр елінде 25 жылдай жұмыс істеп келгенде, еш жерде мұндай төрелікті көрген емеспін! Мен ойынның төрешілері әрбір адам секілді қателесуі мүмкін екендігін түсінемін. Бірақ, ылғи да бір жаққа қарай қателесуге болмайды. Бірінші таймда-ақ 0:0 есебі кезінде төреші қолмен ойнағаны үшін «Тараз» қақпасына айып добын тағайындауы тиіс болатын. Оны жасаған жоқ.

– Сіз футбол клубының федерациясына наразылық енгізесіз бе?

– Иә.

– Ал сіз қазақстандық футболда бұл наразылықтар ештеңе де бермейтінін білесіз бе? Наразылық білдіру мәнсіз. 

– Барлық елде ойыншылар мен бапкерлер шағымдана алады. Мүмкін, төрешіге айыппұл салар... Мен білмедім…

 «Тараз» жетекшісі Ваит ТАЛГАЕВ (суретте)әуе рейсіне асығып тұрғанына сілтеме жасай отырып, өз әріптесінің мәлімдемесінен бұрын бір-екі сөзге ғана кезек берді: 

– Ойын ауыр да қиын болды. Бірақ, жолымыз болды, алайда неге екенін білмеймін, үзілістен соң біздің команда нашар ойнай бастады. Мардымсыз бюджеттің кесірінен жаңа ойыншыларды ала алмай отырмыз, бірақ тұрақтап қалуға тырысудамыз.

Лев ГУЗИКОВ

Суретті түсірген В. Истомин

15 қыркүйек 2011, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.