Атырау, 24 қараша 01:47
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Салты жат болса да, білімі сапалы

6 577 просмотра

Біреулер "қолда бар алтынның қадірін" білсе...

 

Шет елдегі оқудың табиғи жағдайы, бағасы мен шарттары туралы

Бейшара студент... Осынау идиомалық сөз тіркестері бүгінде көнерген сөзге айналған. Бүгінгі талапкерге,       егер ата-анасы балаларының оқуы үшін бүкіл дәулетін жұмсауға жағдайы болмаса, студенттік билет туралы армандамауға да болады. Егер, әрине, басы алтын болмаса... Жергілікті университетте бір жыл оқу бағасы 700-3000 доллардан бастап, астаналық беделді жоғарғы оқу орындарында ондаған мың еуроға дейін барады.  Оған жылына екі рет болатын «сессия шығындарын», баспана төлемақысын, қалта шығындарын... қосыңыз. Есептей бастасаңыз, Американың өзі арзан боп көрінеді. Ендеше балаңызды бөгде елге жіберген жөн бе?

 

ШЕТЕЛ БІЗГЕ ҚОЛ ҰШЫН БЕРЕДІ

Ақылды басқа дағдарыс та кедергі емес. Тіпті биылғы жылы үкіметтің бакалавриат атауымен көлегейленген «Болашақ» бағдарламасы да шетелде тегін оқуға кедергі келтірмейді. «Болашақтан» басқа, айтпақшы, оған дейін көп уақыт бұрын да көптеген стипендиялық бағдарламалар жұмыс істеді. Ғаламтордан «стипендиялық білім алу бағдарламалары» немесе «шетелде тегін білім алу» деген сөзбен іздесеңіз жеткілікті. Осы бағдарламалардың барлығы ондаған жылдар бойына жұмыс істеп келеді, сенімді беделге ие, олар туралы бүкіл ақпарат ашық. Жоғарыда айтылып өткендей, ата-аналарының қаржылары жеткіліксіз болашақ талапкерлердің көпшілігі үшін ең маңыздысы - бұл тегін.

Ең талантты жастар үшін осынау қаржылық көмектің қаншалықты риясыз екені даулы мәселе. Әрине, ауқатты қолдаушылардың осынау ұмтылыстарын ешкім де теріске шығармайды. Алайда бұл жыл сайын дүниежүзілік ғылыми қоғамдастыққа жаңа «миларды» жеткізетін үшінші елдердің ақылды бастарына құрылған қақпан деп іштей есептейді. Қатаң іріктеу елегінен тек өзіне білім берген еліне алғысын білдіру үшін қалған ғұмырын сонда өткізетін «алтын бастар» ғана өте алады. Яғни, бұл болашаққа салынатын инвестициялар. Бірақ талантты да кедей студент шыққан елге салынатын инвестиция емес... Дегенмен де, мұның шындыққа саятын жерлері бар. Отанына оралмай, өзін паналатқан елдің игілігі үшін еңбек етіп жатқан қаншама талантты жастарды айтуға болады. Алайда бұл әңгімеге  орташа қабілеттері барлардың қатысы жоқ.

ТУҒАН ОТАНЫМЫЗДА ДА ҚОЛДАУШЫЛАР БАР

Айтпақшы, туған Отанымызда да қолдау көрсетушілер жоқ емес. Менің қолымда мағлұмат болмаса да, бірақ облыстық бюджет қаржыландыратын «Болашақ-Атырау» (президенттік «Болашаққа» қатысы жоқ) қоры беделді шетелдік университеттерге бірнеше ондаған қабілетті Атырау жастарын жіберді деседі. Алайда бұл қамал да оңайлықпен алынбайды. Кейбіреулер мектеп бітіруге екі жыл қалғанда жұмыстана бастайды. Бұған жақсы жол таба білу керек. Кейбір жас үміткерлер әрі бай, әрі иллюстрациялық (өзі туралы) мәліметтер мен портфолио жасап, өзінің ерекше екендігі туралы таңдай қақтырар эсселер жазып, жергілікті баспасөз беттерінен жарық көріп, шенеуніктер арасында пайдалы таныстар тауып алады (мұның көп бөлігін ата-аналары жасайды)... Бірақ, егер «Алтын белгі», түрлі олимпиадалардың дипломдары мен ҰБТ-ның тамаша нәтижелері секілді заттай айғақтар болмаса,  мұның бәрі облыс әкімінің қабылдауында түк болмай қалады (қордың қаржысын ол өз қолымен бөледі). Тағы бір тегін кеңес – мүмкіндікті асыра бағалап, өте қымбат ел мен жоғарғы оқу орнын таңдаудың қажеті жоқ. Білетін адамдар ол (әкім) мұндай арсыздардың бірден қақпағын қайырып, содан соң қайта қабылдамайды деседі. Қарапайым болу керек. Швейцарияны қозғамаған жөн. Канада мен американдық бағыттың болашағы болуы мүмкін.

АҚШАҢ БОЛСА ҚАЛТАҢДА

Конкурстар, гранттар, шәкір-тақылар, дипломға берілетін тартулар – бұлардың бәрі жақсы болғанымен, жақсы нәрсенің аз болатыны белгілі. Білім алуға құштар жастардың басым бөлігі ата-аналарының қаржылық мүмкіндіктеріне үміт артуға тура келеді. Атыраудағы білім беру агенттіктерінің бірінің өкілі Мартаның айтуына қарағанда, атыраулық ата-аналар балалары үшін ақшаларын аямайтын көрінеді. Шетелдік білім беру индустриясында ең көп сұранысқа ие бағыттардың бірі – Ұлыбритания. Оқушы ата-анасы үшін өте қымбатқа түседі. Бұл орташа алғанда 55 мың доллар. Бұл тек оқу мен тұру шығындары ғана. Қалта шығындарының көлемі – баланың әдет-құлқы мен ата-аналардың ұстанымына қарай, орташа алғанда 400-500 фунт. Әуежай билеттері: 120-дан 180 мың теңгеге дейін (осы жерде және әрі қарай ұшу билеттері екі бағыт бойынша жазылған). Акция бойынша жарты жыл бұрын билетті 55000 теңгеге сатып алуға болады.

Ол жерде бір жыл болған студентке ата-анасы ағылшынның шалғай жеріндегі университеттерге 20 мыңнан және Лондондағы университеттерге 30 мың долларға дейінгі сома жұмсайды. Британиядағы танымал университеттердің үштігі - Кембридж, Оксфорд және әсіресе Гарвард өте қымбат: 35 мыңнан 55 мыңға дейін. «Кембриджде оқимын» дегенді естісеңіз, таңдайыңызды қағуға асықпаңыз. Кембридж деген нағыз британдық джентльмендер оқитын білім ордасы ғана емес, ондаған оқу орындары қатар орналасқан жердің аты да. Білетін адам боп көрінгіңіз келсе: «Кембридж университеті ме әлде Кембридж қалашығында ма?» деп, нақтылап сұрап алыңыз. Мәселен, «сол» Гарвардта қазір оқып жүрген қазақстандық 2-уден артық емес. «Оған оқуға түсу және онда оқу өте қиын», деп түсіндіреді Марта.

БАҒАЛАР ГЕОГРАФИЯСЫ

Агенттік барып оқуға болатын елдердің ауқымды тізімін ұсынды. Тізімнің төменгі жағында «баға-сапа» ара қатынасы тұрғысында банктік дәлдігі жоқ, алайда шамалас бағыт пен шартты бюджет ұсынатын қысқаша шолу көрсетілген. Барлық елдер үшін міндетті медициналық сақтандыру құнын бірден айтып өтейін. Бұл 180-нен 360 долларға дейінгі сома. Әдетте сақтандыруды университеттердің өздері ұсынады. Алайда оны өз отанымызда да рәсімдеуге болады.

Сонымен, Ирландия менШотландия Англияның деңгейінен кем түспейді. Алайда ондағы тірішілік ету құны анағұрлым төмен, демек қолжетімді.

Германия менЧехия – мемлекеттік білім беру университеттерінде тегін, ағылшын тілінде оқытатын сирек елдер. Алайда оқуға түсу үшін мемлекеттік тілді білу тестісінен өту керек. Сондықтан атыраулықтар үшін аса сұранысқа ие емес, бірақ Қазақстанның басқа аймақтары бұл мүмкіндіктен тыс қалмайды. Прагадағы ұлына барған оралдық танысым қазақстандықтардың Чехия астанасында көп екендігіне қатты таң қалыпты. Яғни, ол жаққа бейімделу оңай екен. Тек тіл курстарына ғана ақша төлеуге тура келетінін ескерсек (бір жыл оқуға 4000 еуродан төмен, қысқа мерзімді курстар арзандау), тілді игергеннен кейін кез-келген шетелдік азамат мемлекеттік оқу орындарында тегін оқуға құқылы. Бұл өте қолайлы жол. Ол жердегі білім сапасы туралы Марта аса жылы лебіз білдіре қоймады: «Ол жердегі деңгей біздегі Мұнай және газ институтымен шамалас, оқу жүйесі, талабы жоғары емес, онда оқу қиынға түспейді, бастысы – чех тілін білсең болғаны» деді. Алайда еуропалық диплом (чехиялық жоғары оқу орындарының көпшілігі халықаралық аккредитацияға ие, ал Қазақстанда тек қазақстандық-британдық техникалық университет қана аккредиттелген, ол да тек екі мамандық бойынша ғана), ағылшын тілін білу (чех тілін қоспағанда), қаржылық жағынан тартымдылығы (Атырау мұнай және газ институтына қарағанда арзан), Еуроодақ елдері бойынша саяхат жасау мүмкіндігі, зиялы, тыныш, әсем Прага қаласындағы өмір – осының бәрі үлкен артықшылық боп саналады.

Оның үстіне жеке беделді жоғарғы оқу орнына түсуге кедергі келтірмейді. Онда бұған жылына 4000 еуродан бастап, тұру және қалта шығындарын қосып төлеу керек болады.

Танысымның ұлы Тимур бес досымен бірге бір үйді жалдап тұрады:

- Мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқитындар тегін жатақханаларда тұра алады. Ал ақылы жатақханалар құны айына 200 еуро. Алайда менің білуімше, тегін оқу орындарындағы мамандықтар аса көп сұранысқа ие емес, яғни ауылшаруашылық бағытында. Ұшу ақылары өте қымбат емес, сондықтан ұлым жылына екі рет келеді. Егер ертерек қамданса, студенттік билет бойынша бару-келу құны 80 000 теңгеге шығады.

Чехияның баламасы – бізге анағұрлым танымал ел Малайзия. Жылына 4500-6000 доллар. Тұру, тамақтану, көңіл көтеру үшін тағы 3000-3500 доллар жұмсалады. Жері бетіндегі жер жаннаты, жыл бойына күрт өзгермейтін қолайлы температура, теңіз, шексіз жағажайлар, таза ауа, қылмыстың толықтай дерлік болмауы, азиаттықтарға жылышырай атмосфера, 30 күнге дейін визасыз болу (әрі қарай университет жылдың оқу визасын алуға қол ұшын береді). Кемшілігі – қазақстандық диплом секілді: «малайзиялық диплом тек Малайзияда және бізде ғана бағаланатын болады». Алайда бұл кесілген үкім емес –  кез-келген аккредиттелген жоғарғы рейтингісі бар американдық болсын, британдық болсын,  университет филиалын немесе серіктес университетті табуға болады. Олай болса, оқу үшін екі еседей ақша жұмсауға тура келеді. Бірақ ғажайыптар да болып тұрады. Күтпеген жерден Малайзияға тамыздың аяғында бірден екі егіз баласын жіберген отандастарымызды тосын сый күтіп тұрыпты.

- Олар жылына 12 мың доллар төлеу керек еді, бірақ Ораза айтты ұлықтау қарсаңына дөп келіп, университет осыған орай мұсылман елінің егіздеріне жеңілдік жасап, оқу ақысын 3000 долларға дейін түсіріпті, - дейді Марта.

Тағы бір мұсылман елі – Біріккен Араб Әмірліктері де сұранысқа ие. Орташа алғанда бір жыл оқу 6000 доллар тұрады (австралиялық, америкалық жоғарғы оқу орындарының филиалдары). Британдықтардың филиалдарына шаш жетпейді, өйткені өз отандарында олардың бағалары – 20-25 мың доллар. Баспана, тамақ, басқа да қажетті шығындар – 750 доллар.

Қытай.Білім беру саласында бұл ел бүкіл қытайлық дүниенің арзандығы туралы қалыптасқан түсінікті қолдайды. Таңдалған оқу орны мен мамандығына байланысты бір жыл оқу ақысы 2,5-тен 15000 мың долларға дейін. Алайда ең көп жиі есте қалатын цифр – жылына 3000 доллар. Қытай Халық Республикасының жоғарғы оқу орындарының көпшілігі жатақханаларынан орын ұсына алады. Стандартты екі орындық бөлме күніне 3-3,5 доллар болады. Одан жағдайы жақсы бөлме 4-9 долларға шығады. Іскер Бейжіңдегі күнкөріс минимумын мысалға келтірсе жеткілікті. Бұл айына 200-250  доллар. Яғни,  Қытайдағы тіршілік ету шығындарының құны, негізінен, Қазақстанға қарағанда анағұрлым төмен. Оған үнемдеп, автобуспен де баруға болады. Мұнда қытай тілін білу қажет.

Тағы бір керемет, бірақ әлі дұрыс бағаланбаған бағыт – Кипр. Мартаның айтуынша,  ол жердегі оқу құны таңдаған мамандығына қарай жылына бір жарым мың доллардан басталады екен. Бұл 3000 доллар шамасында. Мартаның айтуынша, бұл өте ғажап жер екен. Университеттер теңіздің тамаша жағалауларында орналасқан, экологиялық климаты жұмсақ, табиғи тағам. Тіршілік ету реті мынадай – бір ай визасыз режим, әрі қарай визаны азғана төлемақыға ұзартады, жылына 300 доллардай кетеді. Кампустарда тұру айына 200-250 доллар. Қалта шығындарына орташа алғанда 200-350 доллар жеткілікті. Ағылшын тілінде білім алады. Ұшу ақысы қолжетімді, 200 доллар жеткілікті боп қалады.

Енді Американың өзі. Осынау үлкен мүмкіндіктер елі оқу ақысы жылына 5000-нан 20000 долларға дейін болатын кең ауқымдағы оқу орындарын ұсынады. Бір бөлмелі жатын бөлмесі бар пәтер-студионы айына 1600 долларға жалдауға болады. Оны бес адам да бөлісе алады. Кампус арзанға түседі. Оған тағы 300-350 доллар тамақтану мен қалта шығындарын қосыңыз. Жылдық оқу визасы бүкіл алымдарымен бірге 340 долларға шығады. Жол қымбат, орташа алғанда ұшу сапары 2000-2500 доллар болады.

АҚШ-тың баламасы Канада, ол дүние жүзіндегі ең қауіпсіз жерлердің бірі деп танылған. Канада өте әдемі және ол жақтың адамдары да мейірбан. Бәлкім, 27 атыраулықтың өткен сенбі күні сол жаққа ұшып кеткені содан шығар. Түлектерден тез арада құтылуды жөн көретін Англиядан айырмашылығы, ол жердегі заң анағұрлым жұмсақ. Канада жоғарғы білім алғаннан кейін елде заңды түрде тағы 2-3 жыл жұмыс жасау құқығын береді. Осы уақыт ішінде көпшілігі мекендеу қағазын рәсімдеп үлгереді. Ал канадалық азаматтық алғаннан соң, экспаттар секілді тиісті еңбекақы талап етіп, туған елінде жұмыс жасауға ұмтылады. Айтпақшы, ол жақта онша суық емес көрінеді.

- Жылы күртені ала кетсе жеткілікті, - дейді Марта. – Оның қай жері болмасын суық болады деген сөз бос сандырақ.

- Бірден рейтингілік университетке түсу қиын. Алдымен колледжге түсіп, бір немесе екі жыл оқыған соң, университетке ауысуға болады. Есесіне екінші-үшінші курстан бір шығады. Алайда осынау елге жету өте қиын, жолақысы 270-тен 500 мың теңгеге дейін болады. Егер билетті жарты жыл бұрын сатып алса, 1000 долларға шығады. Айына тамақтану мен тұру шығындарына орташа алғанда 750 доллар кетеді. Жоғарғы рейтингідегі беделді университетте оқу – тұру, тамақтану, оқу жылының бірінші және соңғы айы үшін сақтандыру құжатымен қосқанда 18-20000 доллар жұмсалады. Басқа айлардағы баспана, тамақтану (оқу ақысынан бөлек) шығындары ата-аналардың мойнына түседі. Қала бойынша жүру мәселесі оңай шешіледі. 81 доллар тұратын абонемент қоғамдық көліктің қай түріне: метро, автобус, маршруткалар және т.б. болса да, тәулік бойына жүре беруге мүмкіндік береді. Виза 430 долларға шығады. Бұл жерде Марта мынадай құнды кеңестер берді:

- Егер екі жыл оқығаннан кейін резиденттікке құжаттар тапсырса, оң жауап алған жағдайда оқу үшін сіз сол елдің азаматы ретінде төлейтін боласыз. Бұл бар болғаны 4-5 мың доллар. Жалпы бүкіл елдер өздері үшін және шетелдіктер үшін қос баға саясатын ұстанады, алайда тек Канадада ғана осындай мүмкін-дік бар. Сондықтан да ол эмигранттар елі деп саналады. Канададағы жағдай мен бағалары бойынша Жаңа Зеландия мен Австралия ұқсас. Бірақ олар өте шалғайда орналасқан.

Олигарх отбасыларының балалары баратын Швейцария болса,  өте қымбат: жылына 55-100 мың доллар. Бұл жерде де Атырау жерге қарап қалмапты, 7-8 атыраулық жастар Альпі тауларының таза ауасымен тыныстауда..

...бәз біреулер аспандағы айға қол созады

 

АТЫРАУ ҚАЙ ЖЕРДІ ТАҢДАЙДЫ?

Балаларына білім таңдау кезінде атыраулықтарды әсіресе қандай елдер тартады? Сөйтсек, атыраулықтар қымбат білім алғанды жөн көреді екен. Көбінесе олар балаларын тәкаппар Британия мен шалғайдағы Канадаға жібереді. Соңғы жылдары олардың қатарына мұсылмандық Малайзия да қосылды. Оған балаларды агенттіктердің көмегінсіз орналастыру оңай. Адамдар демалуға келген кезде, құжаттарын тапсырады, сол жерден балаларын орналастырып, үйлеріне жайбарақат кете алады.

Ата-аналар үшін Марта бірнеше кеңестер берді:

- Визаны агенттік арқылы рәсімдеуді ұсынамын. Веб-сайттардағы форманы өздігімен толтырған кезде адамдар көбінесе кішкентай болса да, өкінішті қателіктерді жиі жасайды. Бұл құжаттың дұрыс жасалмауына апарып соғуы мүмкін. Сондай-ақ, алмастыру бағдарламасы бойынша шетелге оқуға жіберілетін оқушыларды өздігімен орналастыру жолдарын іздестірмеген жөн. Бұл тіпті қауіпті де, ал агенттік осындай отбасыларға бақылау жасайтын аймақтық қызмет өкілдерімен және жалпы жылдар бойына сыналған адамдармен ғана жұмыс істейді. Тестілерді толтырған кезде және қабылдайтын отбасына талаптарыңызды айтқан кезде, нәсілдік тұрғыда айтудан қашыңыз. Мәселен, өзіңіз қалаған нәсілді көрсетпеген жөн. Бұл автоматты түрде бағдарламадан шығып қалуға әкеп соғады.

Тағы бір жайт – егер сіз түлекке шетелден білім бермек болсаңыз, осынау жауапты қадамға бір жыл, кем дегенде жарты жыл бұрын дайындалған жөн. Ал бір-екі жыл бұрын дайындалса, тіптен жақсы.

- Егер баланың қабілеті нашар болса, оған ата-аналары әмиянының әлі келуі мүмкін бе?

- Жоқ, ол жақта біздегідей оқи алмайды. Оны ешкім де 100 еуроға сынақтан өткізбейді. Осындай ұсыныс жасағаны үшін оны оқу орнынан шығарып тастайды. Жалпы бірден өзін бейімдеу керек, шетелдік жоғарғы оқу орындарындағы жетістік студенттің өзіне, оның өздігімен шұғылдануына, мақсат қоюына, тіпті денсаулығына да байланысты болады. Иә, бұл күлкілі естілуі мүмкін, бірақ сабақтан қалғанды олар жақсы көрмейді. Гипске таңылған студент қалыпты жағдай көрінеді. Америкада Бруклинде оқыған кезде сіңлімнің құрбысы осыны көріп қатты таң қалыпты.

 

Жеке тәжірибе

АҚШ

ҰБТ бойынша Саша 112 балл алған, бірақ Лос-Анджелестегі қарапайым университетте «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша оқып жатыр. Бүкіл процесті оның әкесі Игорь өз қолына алған көрінеді:

- Ол жақта менің достарым көп, олар колледжді ұсынып, сайтын берді. Ол жерде бәрі қолжетімді, бәрін өзіміз толтырдық. Колледждің талаптары: Солтүстік Америка үшін ағылшын тілінен TOEFL тестісі, бірақ Сашада IELTS болды, оны да қабылдады. Біз сондай-ақ, аударылған және нотариалды түрде расталған табельді де ұсындық. Олар оқу визасын алу үшін форма жіберді. Ол 5 жылға жыл сайын расталып отырады. Біз бүкіл отбасымызбен шілденің аяғында демалысқа бардық. 15 тамызда сабақ басталды. Бұл колледждің кампусы жоқ екен, бірақ біздің жолымыз болды. Ол достарымыздың отбасында тегін тұрып жатыр. Ал пәтерді екі адамға 800 долларға жалдауға болады. Колледж талаптары: отбасы шотында 17000 доллар болуы, әр оқу жылы сайын 7,5 мың доллар керек. Оған жыл сайынғы 900 доллар сақтандыруды қосыңыз.

Бұл білім алу бағасының орташа деңгейі. Жылына кампусымен және сақтандыруымен бірге 14000 доллар болатын ең қолжетімдісін маған ұсынған еді. Досым да баласын Америкаға жіберіпті, бірақ 40 мың долларға шыққан. Бұл өз таңдауыңызға байланысты.

Ол жақтағы өмір нарқын Атыраумен салыстыруға болады. Тіпті тамақ пен киім арзанырақ. Қысқы киімге ақша шығарып жатпайсың. Қалта шығындарына айына 400 доллардай жіберіп отырамыз. Оған қоса бірден машина сатып әперуге тура келді. Лос-Анджелесте жаяу жүргінші-лер де, қоғамдық көліктер де жоқ. Бүкіл студенттер көлікпен жүреді. Есесіне онда машиналар анағұрлым арзан. 2002 жылғы «Фольксваген»-қоңыз көлігін 3000 долларға сатып алдық. Егер ол мектепте таңғы 6-дан бастап түскі 2-ге дейін оқыған болса (Саша 10-сыныпты алмастыру бағдарламасы бойынша Мичиганда оқыған), қазір ол аптасына 4 күн оқиды. Кеңейтілген сабақ кестесінен пәндерді өзі таңдайды, сабақтарға өзіне қолайлы уақытта барады.

Малайзия

- Айгерім мектепті 2008 жылы бітірді. Біз қыз бала үшін қауіпсіз болады деп, оның мұсылман елінде оқығанын қаладық. Әмірліктер ол кезде өте қымбат болды, Түркияға жібергім келмеді, - деп әңгімелейді анасы Гуля. – Отбасымыздың достары Малайзияға баруды ұсынып, сол жерде тұрып жатқан бір адаммен сөйлесуге кеңес берді. Бұл адам сол жерде баяғыда азаматтық алған қазақстандық екен. Өз отандастарына сол жерде орналасуға көмектесіп, табыс табатын көрінеді. Біз оған сабақ басталуға бір апта қалғанда хабарластық. Өйткені, осы жердегі агенттікке сенген едік, бірақ агенттіктің қолынан келмеді. Ол кезде сол жаққа барғысы келген алғашқылар біз болған сияқтымыз. Содан бір апта өткен соң сол жерде болдық. Ол бәрін де жасап қойыпты. Визаны алып, тіл курстарын тауып қойған. Біз оқу жылы басталып кеткенде барған едік. Алайда біз таңдаған университетке қабылдану – бұл Малайзиядағы үздік оқу орындарының бірі француздық Тэйлорс университеті - әр 4 ай сайын өткізіліп тұрады екен. Сондықтан ол әзірге тілін сындыра берсін деп, баспана тауып беріп, бүкіл шаруаларды реттеп берді. Ол қызметіне 500 доллар сұрады, ал біздің агенттіктер өз қызметтерін 2000-ға бағалайды. Ол кезде оқу жылының құны қолайлырақ болды – 6000 доллар болған еді, кейінірек девальвация салдарынан баға 7000 долларға дейін өсті. Қазір 8000 доллар төлеп отырмыз. Айтпақшы, төлемақы семестрлерге бөлінеді. Элиталық үйден жалдап отырған баспанамыз - үш бөлмелі пәтер 105 мың теңге тұрады, әр қыз 35 мыңнан төлейді. Коммуналдық қызметтер өте қымбат, мәселен, әрбіреуінен электр энергиясы үшін 4000 теңге алады. Орташа алғанда біз ай сайын 1000 доллардан жіберіп тұрамыз.Айгеріммен бірге тұратын қыздар байлардың қыздары ма, білмеймін, оған әсер етіп жүр. Бірақ Малайзияны қазір арзан деп айтпас едім. Есесіне қызым үшін уайымдамаймын, ол жерде бұзықтық, қылмыс дегендер жоқ, тіпті ішімдікті айтпағанның өзінде, көшеден темекі тартқандарды да көре алмайсың. Қызымның қолындағы дипломы бәсекеге қабілетті болады, үш тілді меңгеріп шығады (негізгісі ағылшын тілі, қосымша француз бен малай тілі). Ол жердің климаты да керемет – қызым кішкентайынан созылмалы тонзиллитпен ауыратын еді, енді ол туралы мүлдем ұмытты.

АҚШ

Расулдың Хьюстондағы орта америкалық колледжінде оқып жатқанына үшінші жыл болған. Канада мен Американың бірін таңдау керек болыпты. Алайда АҚШ-та үнемі іссапарда боп тұратын әкесі таңдау жасаған.

- Бастапқыда барған алматылық агенттіктер қызметтері үшін өте көп баға сұрады, сұрайтын құжаттары да көп болды, - деп әңгімелейді Расулдың анасы. – Қызмет бабына байланысты күйеуім Хьюстонға жиі барып тұрады, ол сол жерден анықтамалар жинапты. Визаны өзіміз рәсімдедік. Ұлым өзі кетті, ол жерде ұлымды Америкада тұратын, британдық азаматқа тұрмысқа шыққан туысқаным күтіп алды. Бастапқыда солардың үйінде тұрды, емтихандарын тапсырып, дайындық курстарын оқыды. Ал қаңтарда мамандықтар мен оқу сағаттарының каталогын берген кезде, менеджмент пен маркетингті, содан соң тамыздан желтоқсанға дейін 4 пәнді таңдады. Оқу ақысы жылына 8000 доллар. Досымен бірге (ол Жапониядан келген) 600 долларға 2 жатын бөлмесі бар студионы жалдап тұрады. Оған қоса коммуналдық қызметтер, интернет, кір жуу қызметі, бассейн үшін әрбіреуінен 150 доллардан алады. Кафелерде тамақтануға күніне 20-30 доллардан кетеді. Оқулықтарын өздері сатып алады, оған жыл сайын 300-ден 500 долларға дейін жұмсалады. Жақсы ұсталған Камри-35 көлігі 6,5 мыңға шықты. Бәрін қосқанда жылына 20 мың доллар кетеді. Үйге жылына 2 рет келеді. Маған ол жердегі оқытушы мен студенттің қарым-қатынасы ұнайды, үстемдік, тәкаппарлық деген атымен жоқ. Мәселен, емтихан күндерін де, уақытын да студенттердің өздері таңдайды. Барады да жазылып кетеді. Кабинетте оқытушы емес, лаборант қарсы алады. Ол орнына апарып отырғызады да кетіп қалады, студент кабинетте өзі қалады. Ол жерде сыбайлас жемқорлықтың болуы мүмкін емес, тіпті, кейде арасында жіберіп тұратын арзан базарлықтарды немесе ұлттық символикасы бар шоколадтарды да беру қиын екен.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Пайдалы сілтемелер

http://www.uchi.kz – бұл «Қазақстанның білім қоғамдастығы» сайты және оның мазмұны ұранына сай келеді. Түрлі конкурстар, гранттар, стипендиалық бағдарламалар туралы мол ақпарат.

http://apps.americancouncils.org/FLEX/- FLEX бағдарламасы, мектеп бітіретін сынып оқшуларына арналған, Америкада бір жылға алмастыру бағдарламасы бойынша оқу мүмкіндігін ұсынады.

http://www.irex.ru/programs/ugrad/- UGRAD бағдарламасы, бір жылға Америкада оқығысы келетін күндізгі бөлім студенттеріне арналған..

http://www.irex.ru/programs/muskie/- Muskie бағдарламасы, жоғарғы білімі бар адамдарға арналған, соның ішінде бизнесті басқару (МВА) Fulbright курсынан өту мүмкіндігі бар.

http://www.fulbright.org/- білімін жалғастырғысы келетін жас мамандарға арналған (студенттер, ғалымдар, оқытушылар)

www.interconnection.com.ua– АҚШ-тың спорттық мемлекеттік стипендиялары

http://eac.bilim.kz– ынталандыру стипендияларының Орталық Азия Қоры. Шәккіртақы өз оқуын өзі төлеп жатқан және Қазақстанда тұратын экономика мамандығының студенттеріне арналған. Шәкіртақы оқу жылының шығындарын жабады және жыл сайын берілуі мүмкін.

15 қыркүйек 2011, 00:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.