Атырау, 27 қараша 02:27
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Алматыда қар түскеннен кейін болған жол-көлік оқиғаларынан 12 адам зардап шекті

2 649 просмотра
Алматы қаласында қар түскеннен кейін 15 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады.

Полицияның мәліметінше, Алматыда қар түскеннен кейін негізінен жеңіл-желпі жол-көлік оқиғалары болған. Мәлімет 29-30 наурыз аралығындағы уақыт бойынша келтіріліп отыр. "Қардың қалың түсуі жолдағы хал-ахуалды қиындатты. Көпшілік қысқы шиналарын жазғы дөңгелекке ауыстырып үлгерді және сондықтан жүргізушілер тізгінге ие бола алмай қалды", - деді қалалық ІІД баспасөз-хатшысы. Полиция жүргізушілерді жолда абай болуға және қар түскенде аса сақ болуға шақырып отыр. 

Қарға ұласқан жаңбыр Алматыда 29 наурызда күннің екінші жартысында басталды және наурыздың 30-ы күнгі сағат 11.00 жағдайында әлі де жалғасып жатыр. Алматы қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, 30 наурыздың сағат 7.00 жағдайында Алматы территориясында жауған қардың жамылғысы 15 сантиметрге жетті, ал таулы аудандарда 30 сантиметрге дейін жетіп отыр. 

Алматыдағы жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында коммуналдық қызметтер жолдарға топырақ пен хлорид қоспасы және тайғанауға қарсы қоспа себіліп жатыр. Жұмысқа жалпы 465 дана арнайы техника жұмылдырылды, оның ішінде 115 данасы - топырақ шашатын машиналар, сонымен қатар 810 жұмысшы жұмылдырылды. 2202 тонна тұзды топырақ пен 36 тонна тұз қолданылды. "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәліметінше, алдағы екі күнде қар жауады. 30 наурызда ауа температурасы 5 градусқа дейін, ал 31 наурызда 8 градусқа дейін суытады.

Дереккөз: tengrinews.kz

30 наурыз 2015, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.