Атырау, 27 қараша 02:32
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2015 жылы Ұлттық қордан 680 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген

1 271 просмотра

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан биылға 686 млрд. теңге қарастырылды деп мәлімдеді орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов.

«Бағдарламаның бюджеттік қаржыландыру көлемі 423,5 млрд. теңгені құрайды. Бюджеттік қаржылындыру бүгінде басталды. Атап айтқанда, 23 млрд. теңге игерілді, яғни ол қаражат республикалық деңгейдегі автожолдарды салу жұмыстарына бағытталды», - деді министрдің орынбасары.

Жалпы, 2015 жылы қаражат келесі бағыттарды қаржыландыруға жоспарланған: инфрақұрылымдық жобаларға - 207,8 млрд. теңге, құрылыс және ТКШ-ны дамытуға - 112,5 млрд. теңге. Сонымен қатар халықаралық қаржылық ұйымдармен бірлескен жобаларда Қазақстанның үлесін қаржылындыруға - 39,2 млрд. теңге, агроөнеркәсіп кешенін қолдауға - 20 млрд. теңге, мектептер салуға - 17,3 млрд. және «Балапан» бағдарламасына - 12,7 млрд. теңге қарастырылған. Мұнымен қоса, ЖОО-лар мен ғылыми мекемелердің материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға - 8 млрд. теңге, ал геологиялық барлау жұмыстарына - 6 млрд. теңге игерілмек.

«Бұған қоса, «Бәйтерек» холдингі арқылы Ұлттық қордан 262,5 млрд. теңге облигациялық қарыз жалға берілетін баспана құрылысына несие беруге, шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыруға, ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржылындыруға, экспорттаушыларды қолдауға бөлінеді. Ағымдағы айда аталған желі бойынша 20,3 млрд. теңге тұрғын үйді сатып алып, ары қарай халық арасында тарату үшін игерілді», - деді Р. Дәленов.

Осы арқылы қазіргі кезде Ұлттық  қор қаржысының 40,3 млрд. теңгесі игерілді.

Дереккөз:  Қазақстан жаңалықтары АА.

27 наурыз 2015, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.