Атырау, 27 қараша 02:29
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Астананың көрнекті жерлерінде «Жер сағаты» акциясы аясында сенбіде электр жарығы өшіріледі

2 188 просмотра

Астананың көрнекті жерлерінде «Жер сағаты» акциясы  аясында сенбіде электр жарығы өшіріледі деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

"28 наурызда сағат 20:30 адамзат тарихындағы ең бұқаралық «Жер сағаты» акциясы өтеді. 28 наурыз, сенбі күні сағат 20:30 «Ұлттық академиялық кітапхана», «Транспорт Тауэр» әкімшілік-технологиялық кешені, «Астана Опера» театры және Есілдің сол жағалауындағы барлық архитектуралық ансамбльдерде жарық өшіріледі",-делінген хабарламада.

«Жер сағаты» - Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының жаһандық акциясы (WWF). Бұл табиғатты аялаудың, планетамыздың шектеулі ресурстарына деген қамқорлықтың символы. «Жер сағаты» акциясы аясында әлемнің әрбір елінде адамдар бір сағатқа электр жарығын өшіріп, сол арқылы климаттың өзгеруімен күрес идеясын қолдайтындықтарын білдіреді.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА

27 наурыз 2015, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.