Облыстық аурухананың қабылдау бөлмесінде қыркүйектің 9-на қараған түн «қызықты» өтті.
ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢхабарлауынша, 9 қыркүйекке қараған түні ІІД Жедел басқару орталығына облыстық аурухананың кезекші медбикесінен хабарлама келіп түскен. Қабылдау бөлмесінде белгісіз екеудің бүкіл ғимаратты жарамыз деп қорқытып жатқанын хабарлаған. Оқиға болған жерге жеткен полицейлер 1983 жылы және 1984 жылы туылған екі мас жігітті ұстаған. Тексеру кезінде олардың бірінің жүйке-неврологиялық диспансерінде, екіншісінің токсикоман ретінде наркологиялық диспансерде есепте тұрғандығы анықталған.
Лев ГУЗИКОВ