Атырау, 6 желтоқсан 22:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Мемлекет көлік сатып алу үшін қазақстандықтарға жеңілдетілген несие ұсынбақ

2 760 рет қаралды

ҚР Үкіметі автокөлік сатып алу үшін қазақстандықтарға жеңілдетілген несиелеуге қаржы бөлмек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов мәлім етті.

«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырудан болатын жетістіктер мәселесіне тоқталған ол: «Еліміздің азаматтары жеңілдетілген несиемен тек отандық көліктерге қол жеткізе алады. Оның мөлшерлемесі 3 пайыздан аспайды және 3-5 жыл мерзімге негізделген. Несие теңгемен ғана беріледі», - деді министрдің орынбасары.

Осы орайда ол бұл мақсатта 15 млрд. теңге бөлінетіндігін атап өтті. Бұл қаржы шамамен 4-6 мың автокөлікті сатып алуға жетеді.

 «Әрине, көліктердің құны мен саны тұтынушының қандай модель мен оның құрамдануын таңдауына байланысты болады», - деп атап өтті вице-министр.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

27 наурыз 2015, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.