2015 жылы 30 мыңға жуық қазақстандық әскерге шақырылады, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлiгiнiң өкiлi Амантай Өсербаев.
«Жергiлiктi атқарушы органдар өкiмдерiмен шақыру комиссиялары, медициналық комиссиялар құрылды. Комиссиялар қажетті жабдықтармен жарақтандырылды, дайындық жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Қазiр мерзiмдi әскери қызметке шақырылатындардың тiзiмi түгенделiп, құжаттары қарастырылуда, шақыру қағаздары берiлiп, алдын ала зерделеу жұмыстары жүргiзiлiп жатыр», - дедi А.Өсербаев.
«Осы жылдың 1 сәуірінен бастап әскерге шақыру науқаны басталады. 2015 жылы мерзiмдi әскери қызметке 30 мыңдай азамат шақырылады. Оның 12 мыңдайы көктемгi сәуiр мен маусым айындағы мерзiмдi әскери қызметке алынады», - деді Өсербаев ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.