Атырау, 27 қараша 01:31
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстанда бірінші сынып оқушылары үшін бес күндік оқу аптасы еңгізіледі

3 760 просмотра

Фото: egov.kzФото: egov.kzҚазақстанда бірінші сынып оқушылары үшін бес күндік оқу аптасы еңгізілу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта бірінші сынып оқушылары үшін пәндерді қысқарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, оларды бес күндік оқу аптасына ауыстыру жөнінде жұмыстар жүру үстінде", - деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте тілшілердің сұрағына жауабында.

"30 мектепте сынақ өткіземіз, 2015-2016 жылдары бес күндік оқу апталығы енгізіледі. Барлық осы жаңа ережелерді еңгіземіз", - деді Жонтаева. Оның айтуынша, сынақ қорытындысында бұл стандарттың елдегі барлық мектепке енгізілу-енгізілмеуі белгілі болады.

Айта кетейік, 2014 жылдың күз айында мәжілісмендер қазақстандық оқушыларға бес күндік оқу апталығын енгізуді ұсынған болатын.

Осыған дейін Қазақстанда орта білім берудің жаңа стандарттары жасалатыны хабарланған еді - қазақстандық балалардың мектепке дейінгі дайындығы 12 жылдық білім беру стандартына қосылады.

"Біз 12 жылдық білім беруге жақындай береміз, бірақ, Президенттің тапсырғанындай, бұл процесс 11 жылдық білім беру мен оған бір жыл мектепке дейінгі дайындық аясында жүзеге асады. Бүгінге дейін мектепке дейінгі дайындық бағдарламасы 6 жастағы барлық балалардың 95 пайызын қамтиды, біз даму жолында жүреміз, дәл осы мектепке дейінгі дайындық бағдарламасын модернизациялаймыз. Бұл 1 + 11 формуласы іспетті болады. Жыл соңына дейін 11 жылдық білім беру мен оған тағы бір жыл мектепке дейінгі дайындықты қосатын жаңа стандартты дайындаймыз", - деген еді ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

Дереккөз: tengrinews.kz

26 наурыз 2015, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.